Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3007 0 пікір 5 Шілде, 2017 сағат 14:58

Өскемендегі жексенбілік мектеп өнегелі мектеп

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Өскемендегі «Эдельвейс» қонақ үй кешенінің мәжіліс залында «Жексенбілік мектептерде қазақ тілі мен елімізде өмір сүріп жатқан этнос тілдерін жеделдете оқытудағы әдіс, тәжірибе, инновация» тақырыбында республикалық семинар-тренинг өтті.

Семинар этномәдени орталықтар жанындағы жексенбілік мектептерде қазақ және ана тілдерін оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу мақсатында ұйымдастырылған. Аталмыш шараға Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешов, «Мемлекеттік тілді үйрету элиталық курсы» мәдени мекемесінің директоры Сәуле Бақтыбаева, Көптілді білім беруді дамыту орталығының директоры, доцент Сәуле Асанбаева, әдіскер ғалымдар, тіл мамандары мен жексенбілік мектеп оқытушылары қатысты.

Семинар-тренингке қатысқан қонақтар Өскемендегі «Возрождение» жексенбілік мектебінің жұмысын ерекше атап өтті. Мемлекеттік тілмен қатар тоғыз тілді тегін үйренуге мүмкіндік беретін, өзінің жеке ғимараты мен жарғысы бар бұл білім ордасы – республикадағы ең мықты жексенбілік мектептердің бірінен саналады.

Семинар барысында әдіскер — ғалымдар тілдерді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен және технологияларымен бөлісті. Жексенбілік мектеп оқытушылары мен республикаға белгілі үздік әдіскерлер панорамалық және шеберлік сабақтарын көрсетті.

Сондай-ақ, қазақ тілімен қатар корей, өзбек, дүнген, грек, түрік, әзірбайжан, балқар тілі мұғалімдерінің қарқынды оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану және оқытудағы инновациялық технологиялар жайлы баяндамалары тыңдалды.

-Мен Тараздағы №4 мектепте өзбек тілі мен әдебиетінен және 1996 жылдан бері жексенбілік мектепте мемлекеттік тіл-қазақ тілімен қатар тәжік, өзбек тілдерінен сабақ беріп келемін. Мұндай семинар-тренингтердің біз үшін маңызы зор. Тіл білімі саласындағы білікті мамандармен кеңесеміз, өзге өңірлердегі жексенбілік мектептердің ұстаздарымен сұхбаттасып, тәжірибе алмасамыз. Түрлі шеберлік сабақтары өтіп жатыр. Әр адам өз ұлтының тілін, мәдениетін білуі тиіс. Жексенбілік мектепте тіл үйренем деушілердің жасына шектеу жоқ. Тек мектеп оқушылары ғана емес, ана тілін терең білгісі келетін ересектер де келеді,-дейді тараздық ұстаз Ұлболсын Хадырбаева.

-Елбасы жүргізіп отырған мемлекеттік саясаттың арқасында елімізде Қазақстан халықы Ассамблеясы жұмыс істейді. Жексенбілік мектеп мұғалімдеріне арналған бұл семинардың мәні зор. Шеберлік сабақтарындағы әдіс-тәсілдер мен озық тәжірибелер оң нәтижесін береді деп сенемін. Мемлекеттік тілді білетін, сыйлайтын халыққа айналсақ, еңбегіміздің жемісі сол болмақ,-деді Ербол Ердембекұлы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2072
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2499
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2112
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1609