Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3249 0 пікір 7 Қыркүйек, 2017 сағат 14:48

Польшаның бірінші ханымы Астанадағы Жексенбілік мектепте болып қайтты

Алтыншы қыркүйек күні Елордаға мемлекеттік іссапармен Польша президенті келген болатын. 

Польша презиженті Анджей Дуда мырза Халықаралық "Астана ЭКСПО-2017" көрмесі аясында өтетін Польша апталығына қатысады деп жоспарланған.

Бұл кезде Польша президентінің жұбайы Агата Корнхаусер-Дуда ханым  Астана қаласында орналасқан №5 гимназияда болып, ондағы поляк этонсының жексенбілік мектебінің қызметімен жан-жақты танысты.

Жексенбілік мектептің оқушылары Польшадан келген қонақтарды поляктің ұлттық костюмінде қарсы алып, өнерлерін көрсетті.

Сонымен қатар, іс-шара барысында Ф. Шопен атындағы поляк кабинетінің тұсаукесер рәсімі өтті.

Агата Корнхаусер-Дуда ханымның мамандығы - мұғалім. Сол себепті де Агата ханым еліміздің  білім беру жүйесіне қызығушылық білдіріп, ақпарат алмасты.

№5 гимназиясының директоры А.С.Труфанов, Астана қаласы «Роlасy» поляк қоғамының төрағасы Е.А.Роговская мен поляк жексенбілік мектебінің директоры М.В.Малиновская поляк жексенбілік мектебінің қызметі туралы және жалпы білім саласына қатысты мәселелер туралы айтып берді.

«Бұл жексенбілік мектеп Польшадан алыс болғанымен, менің жүрегімде жылы әсер қалдырды. Мені қуантқаны мұнда поляк тілін поляктар  ғана емес, басқа да ұлт өкілдері оқып жатыр екен», - деді өз сөзінде Агата Корнхаусер-Дуда ханым.

Жоғарыда айтқанымыздай, қазіргі таңда Астана қаласында орналасқан  24 этномәдени бірлестіктің жанында 12 жексенбілік мектеп жұмыс істейді.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1502
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1354
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1101
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1141