Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2792 0 пікір 21 Қараша, 2017 сағат 20:15

Алматы-2 стансасында марихуана тасымалдаушылар тұтқындалды

Өткенде Алматы қаласындағы Алматы-2 темір жол стансасындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Алматы-2 темір жол вокзалынан 27 келіден астам марихуана алып кетіп бара жатқан күдіктіні ұстады.

-Түнгі сағат 23:00 шамасында тексеріс барысында есірткі бизнесіне қарсы күрес және криминалдық полиция тобының қызметкерлері, полиция аға лейтенанты Шалқар Нұрғазин мен полиция сержанты Қожахан Мағжан вокзал маңынан күдікті адамды тексерген кезде оның жол сөмкесінен ерекше иісі бар скотчпен оралған полиэтилен пакеттер табылды.

Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, күдікті адамнан тәркіленген зат 27 кг 460 грамм болатын құрғақ марихуана болып шықты. Қазір күдікті деп танылған еш жерде жұмыс істемейтін Жамбыл облысы тұрғынының үстінен Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлімі бойынша, яғни аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындады және тасымалдады деген күдікпен іс қозғалып, ол уақытша тергеу абақтысына жабылды, – дейді Алматы -1 стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасы Есірткі бизнесіне қарсы бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі М.Дахов.

Аталған бөлім қызметкерлері биылғы өткен 10 айда заңсыз есірткі айналымына қатысты 27 құқық бұзушылықты анықтаса, оның 12-сі – жолаушы пойыздарында есірткі заттарын заңсыз тасымалдау және сақтау қылмыстары. Есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 20 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Алматы-1 стансасы тоғыз жолдың торабы болғандықтан, көрші елдерден есірткі тасымалдаушылардың транзиттік жолы екені анық. Осындай есірткі тасымалдаушылардың жолын кесу мақсатында аталған бөлім қызметкерлері жедел алдын алу шараларын жиі өткізеді. Атап айтқанда, жыл басынан бері Алматы-1 стансасындағы ІІЖБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің күшімен заңсыз айналымнан 9 келіге жуық есірткі заты алынған болатын. Осы жолы тәркіленген 27 келі 460 грамм марихуана – бөлім қызметкерлері жыл ішінде тәркілеген ең үлкен көлемдегі есірткі. Есірткі затын тасымалдаушыларды анықтауға қызметтік иттер де көмектесуде.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2112
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2525
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2219
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1626