Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
4343 3 пікір 20 Қараша, 2017 сағат 08:18

Сирияда ирандық Ислам төңкерісі күзетшілерінің бір қолбасшысы қаза тапты

Иран ақпарат құралдарының хабарлауынша, Сирияда ирандық Ислам төңкерісі күзетшілерінің бір қолбасшысы қаза тақан. Иран қарулы күштерінің элиталық жасағы Сирияда президент Башар Асад билігін қорғап жүр.

Хабарларға қарағанда, ирандық офикер "Ислам мемлекеті" террористік тобының содырларымен күрес кезінде қаза тапқан.

Ирандық Fars агенттігінің 19 қарашада хабарлауынша, Хайрулла Самади 16 қарашада Әбу-Камал қаласы үшін күрес кезінде оққа ұшқан. Бұл қала Сирия мен Ирак шекарасына жақын маңда орналасқан.

2016 жылы қарашада ирандық Азап шегушілерді еске алу қорының хабарлауынша, Тегеранның бұйрығымен Сирияға барған мыңнан астам жауынгер соғыста қаза болды. Олардың арасында жоғарғы буынның басшылары да бар.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1511
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1362
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1110
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1144