Сенбі, 27 Сәуір 2024
Деп жатыр 7932 20 пікір 14 Қараша, 2017 сағат 09:04

Алматыдағы Абай, Сейфуллин, Мақатаев, Әуезов көшелерінің атауы өзгеруі мүмкін

Алматы әкімдігі қаладағы 100-ден астам көшенің атауын өзгертуді ұсынды. Алматы әкімдігі ономастикалық комиссиясының шешімі бойынша, Түрксіб ауданындағы Парковая көшесі Нұр Әлем, Алмалы ауданындағы 6-линия көшесі Нұрлы жол, Алатау ауданының "Ақбұлақ" ықшам ауданындағы АЗТМ көшесі Хан Шатыр көшесі деп өзгерту ұсынылған.

Қаладағы кейбір көшелерге Совет одағының батырлары Сағадат Нұрмағамбетовтің, Талғат Бигелдиновтің, суретшілер Сергей Калмыковтің, жазушылар Герольд Бельгердің, Шыңғыс Айтматовтың, әнші Ермек Серкебаевтың және Кенесары ханның есімдері берілмек. Бұған қоса қайталанатын Абай, Сейфуллин, Мақатаев, Әуезов көшелерінің атауын да өзгерту ұсынылып отыр.

Алматыда сонымен қатар Нұрсая, Алтын адам, Әулиеата, Ер Төстік, Арыстанбаб, Ақмоншақ деп аталатын көше атаулары да пайда болмақ.

Көше атауларын өзгертуді Алматы тұрғындары 24 қарашаға дейін талқылай алады.

Abai.kz

20 пікір