Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Әне, көрдің бе? 5708 5 пікір 7 Қараша, 2017 сағат 11:44

Сағадиев басқаратын министрлік миллиард қаржыны не істеді?

Есеп комитеті Ерлан Сағадиев басқаратын министрліктің  миллиард қаржыны дұрыс игермегені туралы хабарлады.

Әуелі конкретика. Мемлекеттік аудит кезінде ҚР Білім және ғылым министрлігі 16,9 млрд теңгені игерерде заңбұзушылықтарға жол берілген.

Бюджеттің 43,2 млрд теңгесін тағы дұрыс игермеген. 26.7 млрд теңгені құрайтын процедуралық бұзушылықтардың 147 фактісі анықталған.

Комитет ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы Қазақстан Бүкіл әлемдік экономикалық форумның жаһандық индекс рейтингісінде білім сапасы бойынша төмен көрсеткіштер алған. «Білім саласының сапасы», «Мектеп менеджментінің сапасы», «Жоғары біліммен қамту» секілді негізгі индикаторларға қол жеткізілмеді.

«2016 жылдың қорытындысы бойынша 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасы аясында үшауысымды мектептер санын азайту мен мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобаларын арттыру бойынша көрсеткіштер орындалмаған», – делінген хабарламада. Сондай-ақ, орта және жоғары білімді мамандарды даярлау бойынша аймақтағы кадр қажеттіліктері ескерілместен мемлекеттік білім тапсырыстары жарияланған.

Мемлекеттік аудит құжаттары құқық қорғау органдары мен әкімшілік құқықбұзушылықтарды тергейтін өкілетті органдарға жолданатыны хабарланды.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1493
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1347
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1095
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1137