Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
46 - сөз 5382 2 пікір 23 Қазан, 2017 сағат 08:21

Жалаңаш еркекті жарияладың, мүйіз шықты ма?

Бір жағынан Құлсарының тумасы болғандықтан бүйрегім бұратыны бесенеден белгілі. Ал, енді соның жалаңаш жүргенін әлеуметтік желілермен жарыса жариялап жатқан сайттарға айтарым жоқ.

Сайт деген робот емес. Оның үстіне қазақша жазба жүктейтін робот алдағы 100 жылда шыға қоймас, сірə. Əлгі сайттардың басында отырған шығарушы редакторлар жүгенсіз кеткендерің соншалық, (асау аттың өзі құрық салынған соң момақан болатыны бар) жақша ішіндегілерден де төмен болып барасыңдар.

Жарайды, жалаңаш еркекті жарияладың. Мүйіз шықты ма? Сайтыңды осы жексенбіде қанша адам қарады? Əзірге "КТК" көрсетпеген болар деп ойлаймын. Бірақ, ертең "КТК"-дан əлгі айтуға ауыз бармайтын кішігірім оқиғаны көзім шалса мен құрметтейтін тамаша əріптестер, ағаларым бар арнаның бетін көрмей кетемін деп отырмын. Тіпті, салихалы деп жүрген бір газеттің сайты да бұл жөнінде жариялапты. Бар болыңдар, қазақ сайттары! Алайда, абайламасаңдар, абыройларың бес тиын болады! Оның ауылы алыс емес! Бұл дүниеде сұралмасаңдар да, шын дүниедегі шыңырауды ұмытпағайсыңдар, əріптес-жарандар!

Ермұрат Назарұлы

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір

Үздік материалдар