Сенбі, 18 Мамыр 2024
4852 4 пікір 19 Қазан, 2017 сағат 09:31

Тәжікстанда танымал кардиохирургты салафишілермен байланысы бар деп айыптады

Худжандта Соғды облыстық Жүрек-қан тамырлары хирургиясының орталығында істейтін Абдумалик Саломов "Салафия" діни ағымына байланысы бар деген күдікпен ұсталды.

Танымал кардиохирург өткен айдың аяғынан бері Худжандтағы тергеу абақтысында отыр.

Тергеуді Тәжікстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Соғды облыстық басқармасының қызметкерлері жүргізіп жатыр. Облыстық прокуратура кардиохирургтың ұсталғанын растады.

Абдумалик Саломов 41 жаста. Дәрігердің ұсталғаны оның әріптестері үшін күтпеген оқиға болды. "Саломов өте жақсы маман. Оның қажылыққа барғанын білемін, бірақ салафишілермен байланысы бар дегенге сену қиын. Оның мінезі өте жұмсақ адам", - деді бөлім жетекшісі Мубинджон Иноятов.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2135
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2542
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2303
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1647