Сенбі, 18 Мамыр 2024
Көршінің көлеңкесі 5137 10 пікір 19 Қазан, 2017 сағат 09:26

Сағынтаев қырғыз делегациясымен келіссөздердің қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қырғыз делегациясымен келіссөздердің қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Baq.kz ақпараттық порталы.

 Қырғызстан Премьер-министрі Сапар Исаков бастаған ресми делегациямен келіссөздер аяқталды. Онда екі жақты экономикалық қатынастар жайы талқыланғанды.

Сағынтаев шекара, көлік, фитосанитария және санитарлық бақылау салалары бойынша мәселелер сарапқа салынғанын айтты. Келіссөздер нәтижесінде екі ел тарапынан бірлескен жұмыс тобы 5 күн ішінде бірлескен жол картасын әзірлеуге уағдаласқанын мәлім етті.

«Ең алдымен біз екі жақты экономикалық қатынастардың түйткілді мәселелерін талқыладық. Ол біздің елдердің шекара, көлік салаларына, фитосанитария және ветеринарлық бақылауға қатысты. Бұдан бөлек Еуразиялық экономикалық одақ пен дүниежүзілік сауда ұйымының тиісті нормалары мен ережелері ескеріле отырып, кедендік және салықтық әкімшілік бағыттағы мәселелер қаралды», - деді Қазақстан Премьер-министрі.

Abai.kz

 

10 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2138
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2546
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2309
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1651