Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2627 0 пікір 5 Желтоқсан, 2010 сағат 06:05

Асқар Жұмаділдаев: «Мен үшін үлкен ғылым– Құран»

Біз нақты ғылым саласындағы мамандарға мұқтажбыз. Дипло­мы барлар көп. Бірақ білімділер аз. «Мен» деген математиктердің өзі екіге бөлінеді: бірі - есеп шығара алатындар, екіншісі - есеп шығара алмайтындар. Бұл күлкіңізді келтіруі мүмкін. Шын мәнінде солай.

Ғылым шама-шарқынша дамып жатыр. Бірақ сабақтастық жоқ, ғалымдардың ізін басушылар жоқ. Әңгіме сонда. Санаулы ғана ғалымдар бар. Қалғандары нөл. Қазіргі ғалымдар - кешегі Кеңес дәуірінен шыққандар. Тәуелсіздік алғаннан кейін шыққан ғалымды мен көрген емеспін. Мүмкін енді шығатын шығар. Бірақ мен оны байқап отырған жоқпын. Тығылып, көрінбей жүргендер бар шығар. Ғылымға өңкей кедей, үйі жоқ, сорлы, бейшаралар келеді. Ғылымға бір миллионердің баласының келгенін әлі көрген емеспін. Байлардың баласының ең жаманы жоқ дегенде банкке басшы бола­ды. Бұл менің білетіндерім ғана.

Мен бүгінгі оқу жүйесін түсінбеймін. Оны жасап отырған жоғарыдағылар ақымақ па, әлде сол жүйемен жұмыс істеп жатқан біз ақымақ па? Кім ақымақ? Білмеймін. Бәрі өтірік, көзбояушылық.

«PhD» деген жүйе - нағыз бизнестің өзі. Мысалы, сіз кандидаттық қорғасаңыз, он шақты адам ғылыми жұмысыңызды талқылайды. Комиссия деген болады. Ал, «PhD-де» сіз өзіңізге жақын екі-үш адамның басын қосып, ғылыми атақ ала саласыз. Өйткені, пікір берушілер - сіздің таныстарыңыз. Бұл сұмдық қой. Бұл бизнес емей немене?

Студент сабаққа 15 минутқа кешігіп қалса, жиналысқа сала­ды, деканның алдына кіргізеді, ректорға түсініктеме жаздыртады. Ал ертең сіз 15 жыл бойы ғылыммен айналыспай, түк бітірмей жүрсеңіз, оны ешкім байқамайды.

Біздің қазақтар Word-та бес-алты сөйлемді басқанды біліп алып компьютерді меңгердім деп жүр. Оның миын, жүрегін білмейді. Егер сіздің басыңыз істеп тұрса, жұрт сізді жақтайды, мойындай­ды. Өнеріңді, тіліңді де мойындайды. Ал, басыңызда тауықтың миындай ми болмаса, тіліңіз, әдебиетіңіз, мәдениетіңіздің бәрі өзгелер үшін - экзотика. Шын ғылымсыздық қазақты қандай күйге түсіретініне көзіңіз жетсе ұйқыдан айырылатыныңызға бәс тігем. Егер намысы бар, қаны адал қазақ болсаңыз. Бірақ, оған көз жеткізу үшін де ғылым керек.

Мен үшін үлкен ғылым - Құран. Ғылым атаулының бәрі соның төңірегінде сөйлейді. Жастарымыз осы дүниені біле бастады. Олар кейбір ағалары сияқты тотықұстай қайталай бермейді. Өз басымен ойлағысы келеді. Мені қуантатыны - осы.

«namys.kz» сайты

0 пікір