Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3315 0 пікір 3 Желтоқсан, 2010 сағат 10:52

Қазақстан мен Аустрия басшылары қазіргі заманның өзекті проблемалары бойынша мәлімдеме қабылдады

Астана. 3 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Австрия президенті Хайнц Фишер келіссөздерінің қорытындысында, қазіргі заманның өзекті проблемалары бойынша мәлімдеме қабылдады, деп мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Келіссөздер қорытындысында бірлескен мәлімдеме қабылданды. Онда Қазақстан мен Аустрияның қазіргі заманғы өзекті проблемалар туралы ұстанымдарының ұқсастығы, халықаралық аренадағы екіжақты қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайтуға деген өзара ұмтылысы көрініс тапқан», - делінген Ақ орданың ресми сайтындағы жұма күні жарияланған хабарда.

Келіссөздер барысында, делінген хабарда, ҚР президенті «Қазақстан Аустрияны Еуроодақта маңызды серіктес ретінде қарастыратынын» атап өткен. «Елдер арасында сенімді қарым-қатынас орнатылды, саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық нығаюда», - делінген хабарда.

Нұрсұлтан Назарбаев екі жақты қарым-қатынастың дамуының оң қарқынын қанағаттанарлықпен атап өтті.

Австрияның Орталық  Азиядағы алғашқы және  әзірге жалғыз Елшілігінің Астанада ашылуы және Алматыда Австрияның сауда өкілдігінің ашылуы үлкен   маңызға ие.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың айналымы еселеніп келеді. Ағымдағы жылдың 9 айында  екі жақты сауданың көлемі 2 миллиардтан  астам долларды  құрады, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2,3 есеге көп.

Бүгінде Қазақстанда австриялық капиталдың қатысуымен 92 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Австрияның Қазақстан экономикасына салған тікелей инвестицияларының жалпы көлемі 1,9 милллиард долларды құрайды. Биылғы жылы қол қойылған Инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісім Қазақстан экономикасына салынатын   австриялық капиталды арттыруға жағдай жасап  отыр, - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарда.

Өз кезегінде Х. Фишер «Қазақстанның орасан зор экономикалық әлеуетін және елдің ғаламдық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөлін» атап өтті. Сондай-ақ хабарда, Австрия президенті Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитінің жоғарғы деңгейде өткенін атап өтті.

«Хайнц Фишер Нұрсұлтан Назарбаевты жоғарғы деңгейдегі кездесуді табысты өткізгені және Астана декларациясының қабылдануымен құттықтады», - делінген хабарда.

Аустрия Республикасының федералды президенті Хайнц Фишердің ресми сапары Н. Назарбаевтың шақыртуымен өтіп жатыр.

0 пікір