Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
4792 1 пікір 12 Қазан, 2017 сағат 09:52

АҚШ Ресейдің "Ислам мемлекетімен" күрескен сыңай танытты дегенін жоққа шығарды

Пентагон Кремльдің "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қарсы күрескен сыңай танытты деген сынын жоққа шығарды. Бұл мәлімдемеден соң Мәскеу мен Вашингтон арасы одан сайын суып кетті.

Ресей қорғаныс министрлігінің 10 қазандағы мәлімдемесінде АҚШ басқаратын коалиция Иракта қыркүйек айында өте аз әуе соққысын жасағаны айтылған.

"АҚШ басқаратын коалицияның Иракта "Ислам мемлекеті" содырларымен дұрыстап соғыспай отыр", - деп мәлімдеді Ресей қорғаныс министрінің кеңесінің ресми өкілі генерал-майор Игорь Конашенков.

Пентагон баспасөз хатшысы полковник Роберт Мэннинг Ресейдің бұл мәлімдемесін "үлкен қателік" деп атады.

Пентагонның мәліметіне қарағанда, АҚШ басқаратын коалиция жасалған соққылар туралы мәліметтерді күнде жариялап келеді.

Abai.kz

1 пікір