Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3113 0 пікір 3 Желтоқсан, 2010 сағат 04:23

Қарлыға Айсанқызы. Жұрты іздейтін журналистер

«Жас Алашта» жүргенінде-ақ талайлардың жүйкесіне ши жүгірткен Қасым Аманжол «Шынның жүзінде» біраз адамға шындықты айтқызуға талаптанған еді. Сұхбат берушіні өткір сұрақтарымен үнемі тығырыққа тірейтін. «Қазақстан» Ұлттық арнасынан кеткен соң, 31-арнада «Пікір алаңы» сынды тартысты жасады. Осы бағдарламадан кейін жұрттың Аманжолдың Қасымынан көз жазып қалғаны рас. Сізді сағынған көрермен бар деп Қасымның телефонын қоңыраулаттық. «Көрермен көзінен таса болғаныммен, журналистикадан кеткенім жоқ. Саяси журналистикамен айналысып жүрмін. Stan.kz сайтында сұхбаттарым шығып, бірқатар тәуелсіз интернет сайттарда қызмет етудемін», - дейді ол. Ал эфирге шықпауының себебін, телеарналарда өзі қалағандай шындықты айтар жобалардың жоқтың қасы екендігімен түсіндіреді.

Ұлттық арнада «Мезгіл» атты апталық саяси сараптаманы жүргізген, жұрт өзіндік көзқарасы, айтары бар журналиске балайтын Болат Мүрсәлім де «тып-тыныш». Ара-тұра 31-арнаның жаңалықтарында арнайы сюжеттерімен көрініп қалатыны болмаса, жұрттың іздейтініндей-ақ бар. Іздемегенде ше? 31-арна еліміздің көп аймақтарына тарамайды ғой. Ол қазір «Информбюро» жаңалықтар қызметінде жетекші. Өзін эфирден көргісі келетіндерге: «Егер қоғамдық сипатта ой айтатын телеарна туып жатса, хабар жүргізуім мүмкін», - дейді.

Болат, Қасымдармен бірге қызмет етіп, Күлтөбенің басында күнде жиын жасайтын «Күлтөбенің» жүргізушісі Рахат Мамырбек қайда? Ол - «Алматы» телеарнасындағы «Тарих таразысы», «Мен өмірді сүйемін», «Әзіл-мәзір», «Кәсіп көзі» сынды біраз бағдарламаның продюсері. Әрі мультфильмдерді де эфирге шығарады.

«Мұнымен қоса «Пікірлер пирамидасын» жүргіземін. Қазір өзіндік пікірі бар журналистерді публикалық жерлерге көп жолата бермейді. Республикалық деңгейде хабар тарататын арнада жүрмеуімнің себебі - осы», - дейді Рахат.

Әр жұмада қоғамдағы келелі мәселені тарқатып, «Өмірдің өзі - таразы» дегенді жиі айтатын Ринат Кертаевтың «Таразыдан» кетіп, «Жеті күнді» жүргізуіне көп адамның көзі де, көңілі де үйренбеген-ау, сірә!

«Арна басшылығы өтініш жасаған соң Астанаға ауыстым. Белгілі бір жобаны бастап, аяғынан тұрғызған соң басқа бағдарламаға ауысу кез келген кәсіби маманның міндеті деп ойлаймын. «Жеті күнді» де халыққа жақындатуға тырысып жатырмыз», - дейді ол.

«Жас Алашта» біраз шенеуніктің саяси «сұлбасын» жасап, «Саяси портреттер» атты сериялы мақалаларымен танылған, «Жас Қазақ» басылымында «Жұмбақ өлім» айдарымен зерттеу мақалалар жазған Жанарбек Әшімжанның соңғы кезде қаламы суып қалған тәрізді. Оның «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз», «Сын», «Простор» журналдарының басын қосқан «Қаламгер-Медиа» орталығында басшы болғанына да біраз болды. Сізді сұраған оқырман бар деп хабарласқанымызда ағамыз:

«Жазбай кетті дейтіндей ешкім менің шығармашылық шеберханама кіріп - шыққан жоқ қой», - деп шамданып қалды әуелде. Артынша: «Ара-тұра басылымдарға сұхбат беріп, шағын-шағын ойларымды жазғаным болмаса, үлкен тақырыптарға бармай кеткенім рас. Бұрынғыдай зерттеу мақалалар жазуға ұйымдастырушылық, әкімшілік жұмыстармен жүргендіктен қолым тие бермейді. Жазу үшін бап керек. Іздену де қажет. Әйтпесе, жазба деп қаламымды ешкім тартып алған жоқ», - дегенді айтты.

Жұлдыз Әбділданы іздейтін оқырман аз емес бүгінде. «Жұлдыз қайда жүр?» - деген сауалды тек оқырман ғана емес, журналистер де жиі қояды. «Жас Алашқа» жазғандарынан: «Осы қыз қалам сілтегенде қалай қорықпайды екен?» - деп жұрт таңданатын да. Екі жылға жуық «Алқа» қоғамдық-саяси журналын шығарған ол бүгінде журналистикадан тысқары жүр. «Өлке» баспасында редактор болып қызмет етеді. Журналистикадан кеткенін журналистік жүгірістен қажығандығымен түсіндіреді.

Оқырманы іздеген журналистер қазір осындай қызметтерде. Біздің міндет кімнің қайда жүргенін жеткізу. Және халық үнемі іздейтін, сағынып жүрген журналистер бұлар ғана емес. Ғалым Доскен, Сәкен Сыбанбайларды тізсек, тізім ары қарай жалғаса береді.

Осындайда Шерхан Мұртазаның бір сөзі ойға оралады. «Журналист жүк көтерген атан сияқты. Арқалағаны - алтын, жегені - жантақ», - деген. Журналистік жұмыстың қиындығы мен ауыртпалығы бір кісіге жүк боларлық. Қалам ұстаған соң қоғамдағы келеңсіздікке, шындыққа көз жұмуға болмайтыны тағы бар. Бұл - оқырманы іздеген бірқатар журналистердің басындағы жағдай.

«Ақ желкен» журналы, 30-31-беттер, №11, 2010.

0 пікір