Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2737 0 пікір 2 Желтоқсан, 2010 сағат 06:39

Ақтөбе облысында көші-қон заңнамасын бұзған Ресей азаматшасы ұсталды

Ақтөбе. 2 желтоқсан. ҚазТАГ – Ақтөбе облысы Хромтау ауданының көші-қон полициясының қызметкерлері еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған РФ Орынбор облысы Полевой елді мекенінің тұрғыны болып табылатын РФ азаматшасын ұстады.

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиевтің айтуынша, 45 жастағы әйелдің осыдан үш ай бұрын ҚР шекарасын заңсыз кесіп өтіп, сәйкес құжаттарсыз өз балаларымен бірге шопандар үйінде тұрып келгені анықталды.

«Ұсталған ресейліктің өзі көші-қон полициясына барып тіркелу керектігін білген болып шықты. Оның айтуынша, ол мұны уақыты болмағандықтан жасамаған», - деді А. Иманғалиев.

Бұл факт бойынша ҚР ҚК «мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту» 330 бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр.

0 пікір