Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2969 0 пікір 2 Желтоқсан, 2010 сағат 05:11

Өскеменде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде алғашқы балабақша ашылды

Өскемен. 2желтоқсан. ҚазТАГ – Өскеменде «Балапан» бағдарламасы бойынша қала бюджетінің және ғимарат иесінің қаржысы есебінен қаржыландырылатын алғашқы жеке меншік балабақша ашылды, деп хабарлайды Өскемен әкімінің баспасөз қызметі.

«Балабашқаның типтік ғимаратында біраз уақыт институттың филиалы орналасқан болатын, бірақ тамыз айында оның иесі Владимир Бельков «Лада» балабақшасы» ЖШС ұйымдастырып, балаларды қабылдай бастады. Қазір 740 орынға есептелген балақашаға 400 бүлдіршін алынды, бұл 14 топ, соның ішінде 9-ы - сәбилер тобы», - деп хабарлайды әкімдік.

Қала әкімшілігі қызметкерлерінің хабарлауынша, мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің шеңберінде бірқатар шығындар, соның ішінде тәрбиешілердің жалақысы, коммуналдық шығындардың бір бөлігі қала бюджетінен төленеді. Ата-ана баласы үшін ай сайын 10 мың теңге төлейді, бұл коммуналдық балабақшаның бағасымен салыстырғанда 3 мың теңгеге көп.

«Мектепке дейінгі мекемені дамыту үшін оның иелері қосымша ақылы қызметтер қарастырып қойған, бұл – тілдерді оқыту, хореография үйірмелері, спорт секциялары, демалыс күндерінде жұмыс істейтін топтар және т.б.Қала басшылары бюджеттік қаржыландыру қысқарған жағдайда, кәсіпкер ата-аналардан алатын төлемақыны көтеруден басқа да шаралар қарастыруға тиіс деп ескертті», - дейді әкімдіктегілер.

«Лада» балабақшасында спортзалы, жаңа асханасы, кір жуатын бөлмесі, акт залы, ойын алаңдары жабдықталған. Бүгінгі күні ШҚО облыс орталығындағы 130 балабақша ғимаратының 30-ы ғана мақсатына сай пайдаланылып отыр.

0 пікір