Жұма, 26 Сәуір 2024
Арылу 4485 4 пікір 21 Қыркүйек, 2017 сағат 17:50

Серік Ахметов абақтыдан босады

 

Қазақстанның экс-премьері Серік Ахметов бостандыққа шықты. Қарағанды облысы, Қарабас ауылындағы колонияда жазасын өтеген Ахметовті түрме алдынан журналистер күтіп алды. Бұл туралы Sputnik.kz-ке сілтеме жасай отыып, qazaquni.kz хабарлады.

Серік Ахметов әр жылдары Қарағанды облысының әкімі, қорғаныс министрі, премьер-министр қызметтерін атқарды.

«2017 жылдың 21 қыркүйегінде Қазақстан үкіметінің бұрынғы басшысы Серік Ахметов бостандыққа шықты, оның үкімі жазасын шектеуге ауыстырылды», – деп хабарланды соттан.

Енді экс-шенеунік қалған жазасын үй қамағында өтейтін болады.

«Барлықтарыңызға рахмет. Мен демалуға үйге кеттім», – деді колониядан шыққан Серік Ахметов.

Abai.kz

4 пікір