Жексенбі, 28 Сәуір 2024
46 - сөз 5603 8 пікір 21 Қыркүйек, 2017 сағат 08:31

Тағы бір қызды құлдықтан, жезөкшеліктен құтқарып қалдық!

Бүгін кешкі сағат тоғызда қызы Түркияға жұмыс істеймін деп кетіп, жезөкшелікке сатылған қыздың анасы жылап келді.

Түркия мемлекетінде Ыстамбул қаласындағы бас консулдығында жұмыс істейтін жігіттерге көмек сұрап шықтым. Жігіттердің жедел жұмыс істеуінің арқасында қыз құлдықтан құтқарылып ертең құжаттары өзіне қайтарылып елге жіберілетін болды.

Өзге елде жұмыс істеп жүрген жігіттерімізге, атап айтсақ Тәукеxан Пошанов, Думан Қызыр, Абылай Амандықовтарға көп-көп рақмет! Жедел жұмыс істеу деп осыны айтады.

Қызын жоқтап жылап отырған ананың алғысы шексіз. Аналар жыламасын!

Ал қыздар сіздерге айтарым шет елге шығып жұмыс істеу жақсылыққа əкелмейді. Алаяқтарға алданып қалмаңыздар!

Айгүл Орынбек

Facebook-тегі парақшасынан

8 пікір