Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 107374. Жазылғандар — 102064. Қайтыс болғандар — 1699
Жаңалықтар 1685 0 пікір 29 Қараша, 2010 сағат 09:34

Корея Республикасының 2011-ші жылғы Қазақстандағы жылы аясында ҚХА қазақ тілін үйреніп жүрген жастар фестивалін ұйымдастырмақшы

Астана. 29 қараша. ҚазТАГ -  Қазақстан халқы ассамблеясы (ҚХА) Корея Республикасының Қазақстандағы жылы деп жарияланған 2011-ші жылы халықаралық қазақстандық-кореялық қазақ тілін үйренуші жастар фестивалін өткізбекші, деп мәжіліс баспасөз қызметінен хабарлады.

«Келесі жыл (2011 – ҚазТАГ) мемлекет басшыларының келісіміне сай, (Қазақстан мен Кореяның – ҚазТАГ) Корея Республикасының қазақстандағы жылы деп жарияланады... Осы ерекше жылы халықаралық қазақстандық-кореялық қазақ тілін үйренуші жастар фестивалін өткізу ұсынылды. Форумды Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен Алматыда өткізу жоспарланған», - делінген дүйсенбі күні мәжілістің баспасөз қызметі таратқан хабарда.

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, Қазақстан делегациясының Корея Республикасының ұлттық Ассамблеясы депутаты, парламентаралық достық «Корея Республикасы – Қазақстан» тобының басшысы Сан-Чон Пакпен кездесуі барысында, әңгіменің жартысы қазақша өрбіді.

Хабарда аталған фестивалді Алматыда өткізу туралы ұсыныс ҚХА делегациясының Кореяға 2010-шы жылғы қарашының 23-і мен 26-сы аралығындағы сапары барысында пысықталғаны айтылады.

0 пікір