Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2779 0 пікір 27 Қараша, 2010 сағат 08:24

Петропавлда заңсыз салынған құрылыстарды бұзатын жұмыс тобы құрылды

Петропавл. 27 қараш. ҚазТАГ –  Петропавлда заңсыз салынған құрылыстарды бұзатын және көпшілік мақсаттағы жерлерді заңсыз алумен күресетін жұмыс тобы құрылды. Кешегі жұма күні қалалық мәслихаттың «Нұр Отан» ХДП депуттатық фракциясының отырысында осындай шешім қабылданды.

Жұмыс тобына мәслихат, ІІБ, «Петропавл жылу желілері» ЖШС пен басқа да желілік кәсіпорындар өкілдері кірді. Себебі даулы учаскелер көбінде канализациялық, жылу және су желілерінің үстіне орналасады.

Отырыс барысында өткен жылы жерлерді заңсыз алып қою фактілерінің артқаны айтылды.

«Ағымдағы жылы осындай 91 факті (жерлерді заңсыз алып алу – ҚазТАГ) тіркелді, ал былтыр осы аралықта – 50 факті тіркелген болатын. Ал заңсыз алынған жерлердің босатылуы, тиісінше, 7 және 5 адам болды», - деп қала әкімінің орынбасары Антон Макаров мәлім етті.

Оның айтуынша, заңсыз алынған жерлердің көбінде орналасқан құрылыстар – металл гараждар.

Отырыс барысында атап өтілгендей, қалалық әкімшіліктің жер қатынастары бөлімі ортақ пайдаланыстағы жерлерді иеленудің заңдылығын тексеруін сұрап аймақаралық жер инспекциясына жүгініп отыр.

Инспекция бөлімінің бастығы К. Казеевтің мәліметтерінше, жүргізілген жұмыс нәтижесінде жер учаскелерін беру туралы 23 шешім инспекция шағымы бойынша кері қайтарылды, олардың 17-сі Петропавлда.

«Бірақ проблеманы шешуде белгілі бір қиындықтар бар, - деді К. Казеев. – Құрылыстың меншік иесі барлық кезде де табыла бермейді».

Отырыста бұл мәселені қалалық мәслихат сессиясында қарау ұйғарылды.

0 пікір