Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2475 0 пікір 26 Қараша, 2010 сағат 06:59

«Саммит ТВ» телеарнасы ашылды

Астанада өтетін Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Саммиті қарсаңында  «Саммит ТВ» телеарнасы ашылды.

Бұл күндері  әлем назары  Қазақстанға ауып отырғандықтан, елімізде болып жатқан жаңалықтар ретін дүйім халық осы арнадан біле алады. Бүгінгі түнгі сағат 12-ден 3-желтоқсанға дейін  эфирге шығатын «Саммит ТВ» «Хабар» агенттігінің спутниктік жүйеде ақпарат тарататын  «Caspionet» арнасы арқылы көрсетіледі. 

Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Саммитіне келген қонақтар, олардың ой-пікірлері, қабылданған шешімдер жайлы толық ақпаратты осы телеарна, 24 сағат бойы ағылшын тілінде  таратып отыратын болды. Дайджест ретінде жүретін 10-минуттық  жаңалықтар сағат сайын жаңаланып отырса, күн сайын  кешкі сағат онда эфирге арнайы жаңалықтар бюллетені шығады. Оны Джоннотон Ньюэлл жүргізеді.

Жаңалықтардан бөлек, арнада сол күннің айтулы сұхбаттары да беріліп,   құлақ құрышын қандырар қазақ классикасы мен эстрадалық әндер  қойылады.

Осы арнадан өткен барлық ақпаратты көрермен қауым, Онлайн тәртібінде «Caspionet» сайтынан көре алады. 25-қарашадан 3-желтоқсанға дейін жұмыс істейтін, бүкіл оқиға мен жаңалықты  жедел жеткізіп отыратын «Саммит ТВ» еліміздің имиджін қалыптастыруды мақсат етеді.

www.caspionet.kz сайтының жаңартылған нұсқасы іске қосылды. Енді пайдаланушылар арнаны онлайн режімінде көре алады.

Қосымша ақпаратты төмендегі телефондар арқылы  алуға болады:
Аля Лян  - 8 701 990 97 72, 8 (727) 270 00 33

0 пікір