Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2647 0 пікір 25 Қараша, 2010 сағат 15:51

Әйелдердің де құқы бар!

1999 жылы БҰҰ бас Асмабелясы 25 қарашаны әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күні етіп бекіткен. Мұндай күннің бар екенін, тіпті, әлем әйелдерге күш көрсету мен зорлық жасауға қарсы тұрып жатқанын күні бүгінге дейін өңілі түгілі, түсінде көрмеген қазақ әйелдері қаншама. Керек десеңіз, осындай атаулы күн бар екені  -  өркениетті көріп жүр, өз құқын біледі дейтін қала әйелінің де қаперінде жоқ..

Жалпы, әйелдерді ұрып, соғу, кейде «байқамай» қағып кету деген біздің қазекең үшін үйреншікті нәрсе. Кезінде жеңгелерімізді көгала қойдай ғылып сабап тастап, «Сен қатын, тіліңнен тауып отырсың» деп ағаларымыз «айбаттанып» жататын. Әрине, жеңгелерімізде тілін тартып қалмайтын. Бұл біз көріп өскен өмір. Есіміз кіріп, есейе келгенде ойлап қарасақ, әйелді ұру деген «кәсіп» айыбройсыз дүние екен. Анасын таяқтап жүріп, балаңа қандай тәрбие бересің. Оны көріп өскен бала әйел атаулыға шекесінен қарап, аяғы көктен салбырап түскендей болып отыратынын талай көрдік. Бір қызығы, бұрындары күйеуі күн көрсетпесе де, әйелдер бала-шағасын шулатып, төркініне тартып отырмайтын. Сөйтіп жүріп әлгі мінезі жайсыздау ағамызбен бірге ағаратын.

Қазір заман басқа әрине. Адам және оның таным, көзқарасы өзгерген. Дүние дамығанға ұқсайды. Алайда, «махаббаттардың» «шайқасы» толастаған жоқ. Біздің қазақтың даласы мен қаласында күйеулерінен болмаса басқа ер адамдардан зорлық-зомбылық көріп жүрген әйел заты жетерлік. Бұрынғы мен қазіргінің арасында бір айырмашылық қана бар. Қазіргі әйелдер соққыға жығылса, бірден уәкілетті орындарға арыз түсіріп, мәселені біржақты етіп бір-ақ тынады. Десе де, ауылда әлі де әйел құқығы деген дүниеңіз «елден ұят боладының» көлеңкесінде келеді. Бір жағынан қарасаңыз ол да жөн. Құптағың келеді. Бәрібір көгерген көзді, жанға түскен жараны, сенімге түскен сызатты әйелдер құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдардың өзі қалпына келтіре алмайды.

Ал, халықтық дәстүрімізде әйелдерге деген көзқарастың далалық құқықтық негізде ерекше болғаны белгілі. Ол заманда да салт бойынша, көптеген жағдайда ата-анасы қалауымен қалың малын алып, қызын ұзатқан. Бәлкім, осы дәстүрдің өзі ғашықтық хиссалардың өмірге келуіне жол ашты ма деп те ойлайсың. Десе де, бұл нәрсе бүгінгі күні тозық дәстүрге айналғанымен, қалыңмал өзгерген жоқ.

Кейін де өткен ғасырдың басындағы қазақ қоғамының қайта түлеп, азаматтық қоғамының алғашқы алғышарттары пайда бола бастаған тұста әйел құқы өзекті мәселе ретінде көтерілді. Сол тұстағы баспасөз мен әдебиеттің негізгі тақырыптарының бірі дәл осы әйелдер құқы болды. Бұл мәселе сол кездегі қазақ қоғамында талқыға түсті. Игілігін қыз-келіншектер көрді. Бұған мысал көп. Міржақыптың «Бақытсыз Жамалы», Спандияр Көбеевтің «Қалың малы» шығармалары, Мұхтар Омарханұлының «Адам негізі - әйел» мақаласы сияқты дүниелер үздіксіз жарық көріп жатты.

Қазақ қоғамы әйел құқығын қоғамдық талқыға салып жатқанда еуропада бұл мәселе қалың ұйқыда жатқан. Тек жекелеген еуропа елдері ғана әйел құқы туралы әңгіменің шет жағасын айта бастаған еді. Әр жағын өзіңіз бағамдай беріңіз.

Әйел құқы дегенде бүгінгі қазақ қыздарының да мәселесін айналып өте алмайсыз. Соның ішінде негізгісі кәрі қыздар мәселесі. Санақтың қортындысы елде ерлерге қарағанда, әйелдердің саны көп екенін анықтап берді. Бұл мәселеде қоғам тарапынан қозғау салынуы тиіс дүние екені мәлім. Өтйкені, «отырған қыз орнын табады» мақалда уақыты өткенін дәлелдеп отыр. Яғни бұл да қазақтың нәзік мәселелерінің бірі. Әйелдер құқын қорғау күні айтарымыз осы. Алып, қосарыңыз болса, мархабат.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2551
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2365
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661