Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2640 0 пікір 25 Қараша, 2010 сағат 09:31

Интернет-конференция: Талғат Теменов

Кино және театр режиссері, халық артисі, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ  мемлекеттік  академиялық  балалар  мен  жасөспірімдер  театрының  директоры әрі көркемдік жетекшісі Талғат Теменов мырза интернет-конференция барысында келіп түскен сауалдардың барлығына жауап беріп отыр. Талғат Теменов мырзаның оқырман сауалдарына берген жауабын аудио нұсқада да тыңдай аласыздар.

- Өткенде «Жетінші» арнадағы кино.кz бағдарламасында бұл кісіні қатырды. Тұңғышбай дұрыс айтты: "Егер қолынан келмесе, атымды бер қайтамын деп кету керек еді" деп. Ал бұл кісі болса, дүйім қазақ елін масқара етіп, кино шығарды. Бұл кісінің темасы махаббат, Махаббат туралы киноларды жақсы шығарады.

 

Кино және театр режиссері, халық артисі, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ  мемлекеттік  академиялық  балалар  мен  жасөспірімдер  театрының  директоры әрі көркемдік жетекшісі Талғат Теменов мырза интернет-конференция барысында келіп түскен сауалдардың барлығына жауап беріп отыр. Талғат Теменов мырзаның оқырман сауалдарына берген жауабын аудио нұсқада да тыңдай аласыздар.

- Өткенде «Жетінші» арнадағы кино.кz бағдарламасында бұл кісіні қатырды. Тұңғышбай дұрыс айтты: "Егер қолынан келмесе, атымды бер қайтамын деп кету керек еді" деп. Ал бұл кісі болса, дүйім қазақ елін масқара етіп, кино шығарды. Бұл кісінің темасы махаббат, Махаббат туралы киноларды жақсы шығарады.

 

- Біріншіден, Тұңғышбайды «Көшпенділерге» шақырған менмін. Егер мен болмағанда, қазақ персонаждар мен образдар болмайтын еді, массовкадан басқа жерде. Барлығын америкалық қыламыз деген де, мен қояр да қоймай отырып, сол дүниені қостырғанмын. Бірақ, қазақта сөз бар «қойшы көп болса, қой арам өледі» деген. Ол жерде бізге бастық көп болды. «Қазақстан» арнасына берген сұхбатымда «Егер тағы осындай фильмнің қосалқы режиссерлігін берсе, барасыз ба?» деген де мен «Жоқ»  деп жауап бердім. Өйткені, сол кездегі психология, басшылар маған сеніп берудің орнына, қорқып берді. Олар америкадан келіп бәрін қатырып береді деп ойлады. Бұл қате пікір еді. Және бұл «ауылдағының аузы сасық», өзімізді өзіміз бағаламау деген сөз. «Көшпенділердің» бүгінгідей болып шығуына кино саласында жүрген мамандардың бәрі кінәлі. Егер сол кезде қағида қабылдап, «Жоқ, бұл киноны Теменов түсіріп шығады» дегенде бәрі басқаша болар еді.

«Көшпенділердің» ақшасы туралы сұрақтар бар екен. Мен финполицияда істемеймін. Кімнің не жегеніне менің ешқандай қатысым жоқ. Тек қана режиссер болдым. Тіпті, керек десеңіз, маған прокаттан беретін ақшасында берген жоқ. «Көшпенділердің» қаржылық жағына менің ешқандай араластығым да, хабарым да жоқ. Актерлердің қанша алатынында айтқан жоқ, неге деп едім, коммерциялық құпия деді. Кімнің қанша алғанында білмеймін.

 

- Сіз театрда директорсыз әрі көркемдік жетекшісіз. Сіз екі айлық алып отырсыз.

- Жоқ. Біріншіден, театрдың директорымын. Ал, көркемдік жетекшілікке толық айлық  бермейді. Өйткені, мемлекеттің бұған арнайы бөлген қаржысы бар. Мен заң бұзып отырған жоқпын. Екі айлық алмаймын. Өйткені, біздің заң бойынша, екі айлық алуға болмайды. Мен қаншама спектакль қойдым. Соның ешбіріне қаламақы алған жоқпын.

 

- Қазақ киносы туралы пікіріңіз қалай? Қазақ киносы неге көрерменнің көңілінен шықпай отыр? Қай кино шықса да қазаққа жақпайтын себебі неде? Өзіңіз кино саласынан театр жағына ығысқан сияқтысыз. Кино өнерін сағынып жүрген жоқсыз ба?

 

- Жақсы десем де өтірік, жаман десем де өтірік. Мен өзім шыққан ортамды өзім жамандайтын адам емеспін. Ол - менің өскен, өнген ортам. Сондықтан, қазақ киносы туралы жаман айтпаймын. Ал, көңілімнен шықпайтын себебі, осы уаққа дейін қазақтық менталитеті, ұлттық философиясы, ұлттық өресі, ұлттық білімі жоқ кілең ойдан, қырдан қашқан режиссерлер келіп, қазақтың атын жамылып кино түсіріп, «Қазақфильмнің» ақшасын шашып, сол арқылы қазақ көрерменін қазақ киносы жоғалтып алды.

Көрерменге айтарым, «Менің күнәлі періштем» деп аталатын фильмімді түсіруді аяқтадым. Қазір монтаж үстіндемін. Құдай бұйыртса, қазақ халқының көңілінен шығатын жақсы, әдемі кино сыйлаймын деген ойым бар. Өйткені, киноны алдын-ала көрген санаулы ғана мамандар өте жоғары пікірде. Сценариін жазған өзім. Кинотуынды қазақ көрермендерінің көңілінен шығады деп ойлаймын. Түсіру жұмыстары - Қазақстанда ғана емес, Францияда да жүрді. Және француз актері Жерарь Депардье менің кинома түсті.

 

Талғат Теменов мырзаның оқырмандар сауалына толық нұсқасын төмендегі аудиодан тыңдай аласыздар.



0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2552
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2368
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661