Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2954 0 пікір 25 Қараша, 2010 сағат 08:52

Қасқабас Қазақ. Қазақтар «орыс әлемінің халқы» емес!

Осыдан бірер күн бұрын порталымызда Орыс православ шіркеуінің Қазақстандағы «әсіре белсенділігі» туралы жазған болатынбыз. Орыс шіркеуі бұрынғы үш епархияның санын алтыға дейін жеткізіп, оларға Ресейден арнайы дайындалған басшыларын тағайындап жатыр дегенді жаздық. Бұл қадамдардың артында Ресейдің, Орыс шіркеуінің «үлкен ойындары» жатуы ықтимал деген пікірді де ашық айтқанбыз.

Қарап отырсақ, барлығы да тегін емес екен. Орыс шіркеуі 19-шы ғасырдың соңы мен 20-шы ғасырдың басында нәтижесін таппаған «туземді халықтарды православияға өткізу, қазақтарды христиандандыру» саясатын жалғастырмақ ойда екен. Айналып келгенде, бұның артында Қазақстанды қайтадан бодан ұлт қылу, тәуелсіздігінен айырып, қайтадан қанды империяны орнату саясаты тұр!

Осыдан бірер күн бұрын порталымызда Орыс православ шіркеуінің Қазақстандағы «әсіре белсенділігі» туралы жазған болатынбыз. Орыс шіркеуі бұрынғы үш епархияның санын алтыға дейін жеткізіп, оларға Ресейден арнайы дайындалған басшыларын тағайындап жатыр дегенді жаздық. Бұл қадамдардың артында Ресейдің, Орыс шіркеуінің «үлкен ойындары» жатуы ықтимал деген пікірді де ашық айтқанбыз.

Қарап отырсақ, барлығы да тегін емес екен. Орыс шіркеуі 19-шы ғасырдың соңы мен 20-шы ғасырдың басында нәтижесін таппаған «туземді халықтарды православияға өткізу, қазақтарды христиандандыру» саясатын жалғастырмақ ойда екен. Айналып келгенде, бұның артында Қазақстанды қайтадан бодан ұлт қылу, тәуелсіздігінен айырып, қайтадан қанды империяны орнату саясаты тұр!

Мысалы, жақында ғана Мәскеуде өткен Орыс әлемінің 4-ші Ассамблеясында Мәскеу және күллі Русь Патриархы Кирилл сөз алып, былай деген болатын: «Через своих служителей Бог основал Русскую Церковь и вверил ей пастырское служение среди народов Руси на все времена. За исполнение этого служения Русская Церковь постоянно держит ответ перед Господом и будет судима Им в конце времен. Потому на протяжении всей тысячелетней истории Церковь непрестанно заботилась о духовном просвещении и благе Русской земли. Как же Русской Церкви не беспокоиться сегодня и в будущем о Русском мире, который вырос из корня Руси и народы которого вверены Богом ее пастырскому попечению? Не делать этого, значит - ослушаться Самого Бога».

Сол жиында орыс шіркеуінің басшысы бұрынғы Ресей империясының халықтарын, бүгінгі ТМД аумағына кіретін елдердің барлығын қосып, оларды «народы Русского мира» деп атауды ұсынды. Қасиетті әкей былай деп отыр: «Народы Русского мира не могли бы создать цивилизационную общность, не имея языка межнационального общения. Таким средством коммуникации стал русский язык, который сложился и развивается как общее достояние всех народов Русского мира. А в церковной жизни таким языком является церковно-славянский. Это общий язык для всей Русской Церкви, и его важно сохранять, развивать и изучать. При этом большую ценность имеют языки всех народов, составляющих Русский мир».

Осыдан кейін 17 қараша күні ақпарат агенттіктері «Орыс патриархы шын мәніндегі православиелік төңкеріс жасамақшы» деген хабарларды тарата бастады. Жалпышіркеулік епархиялық миссионерлердің 4-ші отырысында Патриарх Кирилл «екінші христиандандыру» саясатының басталғаны туралы мәлімдеді. Өзінің сөзін Кирилл былай деп аяқтады: «...Церковь должна воспитывать миссионеров-подвижников. Без них не удастся никакая революция. Ранее РПЦ уже прилагала немалые миссионерские усилия, в результате которых огромное евразийское пространство Российской империи было наполнено христианской верой. Люди шли без карт, компасов, дорог навстречу неведомому, опасности; их вдохновлял Божественный призыв». Бұл мақсатта Орыс шіркеуі өзінің миссионерлік бөлімін күшейтіп, оған осы жұмыстың қажетті инфрақұрылымын жасақтауды, кәсіби миссионерлерді дайындап, оларды шартарапқа таратуды ұсынды.

Патриархтың сол тарихи мәлімдемелерінен кейін жер-жердегі орыс шіркеуінің өкілдері өзінің жұмысын жандандыра бастады. Небары сегіз күннен кейін Астана және Қазақстан митрополиті Александр біздің елдегі Орыс православ шіркеуінің қызметтері орыс және қазақ тілінде жүргізілетіні туралы мәлімдеп отыр! Алматыдағы орыс шіркеуінің семинариясында қазақ тілін оқу міндетті пәнге айналыпты! Негізгі діни кітаптардың, уағыздардың қазақ тіліне аударылуы қолға алыныпты! Қазақстандағы Орыс православ шіркеуінің барлық үндеулері мен мәлімдемелері бүгіннің өзінде екі тілде шығып жатыр екен! Александр әкей: «В недалеком будущем в храмах, где молятся прихожане, для которых родным языком является казахский, представляется вполне возможным совершение богослужений на двух языках - церковно-славянском и литературном казахском», - деп «уверенно» әңгіме айтып отыр.

Бұл не сұмдық, айтыңыздаршы? Біздің ғұлама билік қайда қарап отыр? Діни басқармамыз неге бұған қарсы шықпайды? Сол орыс шіркеуі өз жеріне протестант, католик шіркеулерінің енуіне, белсенді миссионерлік жұмыс жүргізуіне барынша қарсылық көрсетіп отыр. Олардың арасында баяғыдан келе жатқан «канондық бөлініс», яғни «сен менің жеріме, мен сенің жеріңе барып уағыз айтпаймын» деген ұстанымдар мен келісімдер бар. Ал негізінен мұсылман қауымы тұрып жатқан (соңғы санақ бойынша халықтың 70 пайызы мұсылман деп отыр өздерін) елге орыс православиесінің дендеп кіруіне жол болсын демекпіз!

Әрине, Қазақстанда 23 пайыз орыс бар екенін жасырмаймыз. Олардың өз дінінде жүріп, өз тілінде құдайына тәуәрат етуіне қарсы емеспіз. Олардың діни құқықтарын еш бұзбаймыз. Ал қазақ халқының оларға қандай қатысы бар? Біздің діни басқарма орыс мектептеріне барып уағыз айтып, орыс балаларын исламға тартып жатса сол Кирилл мен Александр әкейлер тулап шықпас па еді? Орыс баспасөзі бір күнде тік тұрмас па еді? Ал қазақ қауымы неге үнсіз? Қазақ баспасөзі бұл туралы неге мәселе көтермейді? Түсініксіз.

Абай болайық ағайын, алашшыл болайық!

 

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1962
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2280
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1872
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1552