Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2530 0 пікір 4 Маусым, 2009 сағат 16:07

Қарағанды облысы тәртіптік кеңесінің төрағасы Мұрсалов «Нұр Отан» партиясынан шығарылды

Қарағанды. 4 маусым. ҚазТАГ – «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының саяси кеңесі мен партиялық бақылау комиссиясының сәрсенбі күні өткен бірлескен отырысында тәртіптік кеңестің төрағасы Айман Мұрсаловты партия қатарынан шығару туралы шешім қабылданды.

Бұл мәселе сәрсенбі күні бірлескен отырыста екі сағатқа жуық талқыланды. Саяси кеңестің және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «А. Мұрсаловтың әрекеттері партияның жарғысына қайшы келетінін, партияның имиджіне және ол басқаратын жауапты меморганның беделіне нұқсан келтіретінін» жеткізді.

А. Мұрсаловқа партиялық этиканы бұзды, өкілеттіктерін асыра пайдаланды, еңбек заңнамасын бұзды, қызмет бабын асыра пайдаланды, әдепсіз әрекеттер жасады деген және тағы да басқа айыптар тағылды.

Партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Асқар Базарбаев А. Мұрсалов сынды қабылдамайтынын және өз жұмысында «өзін бүкіл мемлекеттің орнына қояды» деп атап көрсетті. Партиялық бақылау комиссиясының және саяси кеңестің мүшелері– Бисембай Жұмабеков, Ерқара Аймағамбетов, Шәймерден Оразалинов және басқалары облыстық тәртіптік кеңес басшысының көптеген лайықсыз әрекеттерін мысалға келтірді. Соның ішінде қызметкерлерді жұмыстан заңсыз шығару, заңсыз тексерулер жүргізу деректері де бар. Бәрін ашындырған соңғы оқиға Мұрсаловтың қызметтік көлігіндегі мемлекеттік номерді жеке номерге ауыстыруы болды.

Айман Мұрсалов өз атына айтылған сынды қабылдаған жоқ. «Мұның бәрі шындыққа сәйкес келмейді, бәрі-өтірік. Егер біреуге менің қызметім қажет болса, бұл орында басқа адам жұмыс істесін. Бірақ мені партияда қалдырыңыздар», - деп мәлім етті отырыста тәртіп бұзушы төраға.

Екі сағатқа созылған талқылаудан кейін саяси кеңестің және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері А. Мұрсаловты «Нұр Отан» қатарынан шығару туралы шешімді бірауыздан қабылдады. Сондай-ақ, оның ісін мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттікке беріп, қызметінен босатуға кеңес беру туралы шешім қабылданды.

А. Мұрсалов Қарағанды облысы бойынша тәртіптік кеңестің төрағасы болып 2007 жылдың мамырынан бері қызмет етіп келеді. «НұрОтан» қатарына 2004 жылы кірген.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2183
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2579
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2490
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1678