Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Билік 4049 0 пікір 3 Қыркүйек, 2017 сағат 21:49

«Ла Скала» театрының гастрольдері басталады

Астанада Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен әлемге әйгілі «Ла Скала» театрының гастрольдері басталады.

«Менімен шынайы дос болып үлгерген, «Ла Скала» театрының Бас директоры Александр Перейра және танысудың өзін талай-талай өнер қайраткерлері тек қана армандай алатын даңқты дирижер Зубин Мета да дәл қазір Елордамызға жүр» деп, қуанышыты хабар жеткізеді Facebook-тегі парақшасынан министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Даңқы жер жарған өнер ұжымының концерттері қыркүйектің 1-інен 9-ына дейін «Астана Опера» сахнасында көрсетілмек.

Мәдениет ордасы Миланнан гастрольдік турға барлығы 260 адам – опера труппасы, хор және символикалық оркестр мүшелері келген. Әйгілі «Ла Скала» театры Джузеппе Вердидің «Фальстаф» операсын және Бетховенның №9 симфониясын орындайды екен.

Дирижерлік ететін – классикалық өнердің шынай Мэтры, әлемдік музыка мәдениетіне шексір әсер еткен және голливудтық «Даңқ аллеясында» жұлдызбен марапаттталған қазіргі заманның көрнекті музыканты – Зубин Мета.

«Астана Операға» асығыңыз, ағайын!

Abai.kz

0 пікір