Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Туған жерге туың тік! 2987 0 пікір 23 Тамыз, 2017 сағат 13:22

"Туған жер" бағдарламасы аясында дәрiгерлiк амбулаторияға күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi

"Туған жер" бағдарламасы аясында Целиноград ауданыныӊ Родина ауылында дәрiгерлiк амбулаторияға күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi, - деп хабарлайды Abai.kz ақпараттық порталы.

Бүгiн "Родина" агрофирмасы" ЖШС базасында агроөнеркәсiп кешенiн дамыту мәселелерi бойынша ғылыми-консультативтiк кеӊестiӊ отырысы өтуде. Оған аудан, қала әкiмдерi, өӊiрлiк кәсiпкерлер палатасы, А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы өндiрiстiк орталығыныӊ, Ұлттық аграрлық ғылыми-оқыту орталығыныӊ мал шаруашылығы және өсiмдiк шаруашылығы Солтүстiк Қазақстан ҒЗИ өкiлдерi, ауыл шаруашылығы құрылымдарыныӊ басшылары мен аграномдарынан құралған 200 астам адам қатысуда.

Кеӊесте баяндама жасаған "Родина" агрофирмасы" ЖШС басшысы Иван Сауэр бизнестiӊ әлеуметтiк жауапкершiлiгi шеӊберiнде атқарлыған жұмыстар туралы айтып бердi. Қонақтарға Иван Адамович "Туған жер" бағдарламасы бойынша күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлген дәрiгерлiк амбулаторияныӊ iшiн аралатып көрсеттi. Айталық, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласындағы мiндеттердi жүзеге асыру бойынша алғашқылардыӊ болып қол ұшын созған кәсiпкерлердiӊ бiрi - осы Иван Сауэр.

Кәсiпкер өзiнiӊ 30 миллион теӊге қаражаты есебiнен ауылдағы дәрiгерлiк амбулаторияға күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiздi және күндiзгi стационар ғимаратын салып бердi. Оған қоса, Зеленый Гай ауылындағы мәдени-сауықтыру кешенiн қалпына келтiруде. "Мұнда медициналық мекеменiӊ толыққанды жұмыс iстеуiне барлық жағдай жасалынған. Стомотология және физиокабинет жабдықталған. Окургтегi төрт ауылдағы 2000 астам адамға медициналық қызмет көрсетiлетiн болады. Өзiм жақында Астанадағы медициналық университеттi тәмамдап, осында "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша келдiм. Менi серiктестiк басшысы баспанамен қамтамасыз еттi", - дейдi аға дәрiгер Алена Злодеева. Ал, зейнеткер Анна Иванова болса, жергiлiктi дәрiгерлер қызметiнiӊ сапасына жоғары баға берiп отыр.

Сонымен қатар, И.Сауэр қонақтарға өз басқаратын "Родина" агрофирмасы" ЖШС әлеуметтiк-өндiрiстiк нысандарын аралатып көрсеттi. Оныӊ iшiнде жабық хоккей корты, сән салоны, кiтапхана, мәдени және демалу саябағы, сүт зауыты сияқты нысандар бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1528
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1386
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1134
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1155