Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2069 0 пікір 4 Маусым, 2009 сағат 16:04

Бұрынғы басшылықтың девелоперлік жобалары мен кәдімгі тойымсыздығы БТА-ның тұрақтылығына қауіп төндірді – Дунаев

Алматы. 4 маусым. ҚазТАГ – Қаржы институтының бұрынғы басшылығының девелоперлік (жылжымайтын мүлік саудагершілігі-ҚазТАГ) жобалары мен кәдімгі тойымисыздығы «БТА банктің» тұрақтылығына қауіп төндірді. Жалған адамдарға берілген несиелер портфелінің көлемі таң қалдырады. «БТА банк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Арман Дунаев «Время» газетіне сұхбат бергенде осындай пікір білдірді. Сұхбат газеттің бейсенбі күнгі санында жарық көрді.

«БТА-ның мәскеулік несиелер портфелі шамамен $6 млрд құрайды… Салымды әртараптандыру банктік басқарудың негізгі ережелерінің бірі болып табылады. Оның жағдайында (Мұхтар Әблязовтың – ҚазТАГ)барлық қаржы тек қағаз жүзінде ғана немесе қазылған шұңқыр түрінде ғана бар жылжымайтын мүлікке салынды. Оның шамадан тыс батылдығы ма, әлде тойымсыздығы ма, әлде көп көлемде жеңіл ақшаға ие болу тілегі ме, оны қаржының 90 пайызын девелоперлік жобаларға салуға итермеледі … Дағдарыс болмағанның өзінде, банктің қаржылық ахуалы өте әлсіз болды. Девелоперлік жобалармен әуестену, бұған кәдімгі тойымсыздықты қосыңыз, осының барлығы банктің тұрақтылығына қауіп төндірді», - деді ол газетке сұхбат бергенде.

Сондай-ақ, ол банкте берілген несиелерді ақырғы алушыларды жасырумен айналысатын департамент болғанын мәлім етті.

«Несиелерді жасырып, қайта жасыруға мүмкіндік беретін жолдарды іздестірумен айналысқан департамент жұмыс істеген. Ақырғы алушылар туралы тең таңдаулылар ғана білетін… Қазақстаннан тыс жобалардың кем дегенде төрттен үш бөлігі банктің бұрынғы басшылығымен байланысы бар жалған компаниялар мен жеке тұлғалар арқылы бақыланады… Біздің жағдайда жалған компанияларға берілген портфель мен несиелердің көлемі таң қалдырады», - деді А. Дунаев.

«Қазақстандық несиелік портфельдің $3 млрд көлеміндегі бір бөлігімен жүзден аса қызметкер айналысатын, ал $7 млрд көлеміндегі ТМД-ның несиелік портфелімен  небәрі алты адам айналысқан. Аталған портфельдің жасырын бөлігі қандай да бір бақылаудан шығарылып, банкке қиындықтар тудырды», - деп атап көрсетті «БТА банк» директорлар кеңесінің төрағасы.

«БТА банк» Қазақстан банк жүйесінің көшбасшыларының бірі болып табылады. ҚҚА мәліметтеріне сәйкес, 2009 жылдың қаңтар-наурызында «БТА банктің» активтері 3,8 трлн теңгені құрады, жеке капиталы - 367,3 млрд теңгені құрады. 2009 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша, банк 257 млрд теңге көлемінде шығын көрді. 2009 жылдың 2 ақпанында банктің қарапайым акцияларының «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның пайдасына мәжбүрлі эмиссиясы туралы жарияланған болатын. 2009 жылдың 18 наурызында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның иелігіндегі акциялардың көлемі 75,1% болды. 2009 жылдың 20 сәуірінде банк кредиторларға негізгі қарыз бойынша төлемдерді уақытша тоқтататынын жариялады. ҰӘҚ банктің акциялар пакетін ресейлік Сбербанкке сату жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2183
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2579
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2490
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1678