Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4459 0 пікір 5 Қыркүйек, 2017 сағат 16:03

БАҚ басшыларының назарына: журналистерді семинар-тренингке шақырамыз

 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитеті 15-қыркүйек күні сағат 10:00-де Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қоданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдары тілшілерінің сөз саптауын, тіл мәдениетін жетілдіру, тіл нормаларын сақтау, біліктілігін арттыру мақсатында жүргізушілер мен журналистер арасында семинар-тренинг өткізеді.

Аталған іс-шара барысында халықтың айнасы мен құлағына айналған тілшілердің сөйлеу мәдениетін, сөз жүйесін жетілдіру және сөздік қорын толықтыру негізінде кәсіби мамандар шебірлік сабақтарын көрсетіп, дәрістер оқиды. Семинар-тренингтің соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталатын болады.

Осыған орай, шараның маңыздылығын ескере отырып, сіздің мекемеңізден семинар-тренингке бірқатар журналистердің қатысуын қамтамасыз етуіңізді және уақыттың тығыздығына байланысты қатысушылардың аты-жөнін, лауазымын, байланыс телефонын, 5-қыркүйекке дейін tilalemi.kz@gmail.com электронды поштасына жолдауыңызды сұраймыз деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитеті.

Семинар-тренингке қатысуға ынталылар мына байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады: 8 (7172) 27-98-36, 8 (701) 897 50 47.

Абай-ақпарат

0 пікір