Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
3516 0 пікір 23 Тамыз, 2017 сағат 08:13

Азияда қарсаңында спирттік ішімдіктерге тыйым салынады

Түркіменстан билігі Азия ойындары қарсаңында Ашхабадта спирттік ішімдіктерге тыйым салды. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, астанада сауда дүкендерінде алкогольді өнімдер толығымен "жоғалып кеткен". Шарап сататын дүкендер де уақытша қызметін тоқтатқан.

Ассошиэйтед Пресс (AP) ақпарат агенттігінің хабарлауынша, биліктің ауызша бұйрығы бойынша алкогольді өнімдерді сатуға қазан айына дейін тыйым салған.

Франс-пресс (AFP) ақпарат агенттігі сауда министрлігінің қызметкеріне сілтеме жасап, спирттік ішімдіктерге 17-27 қыркүйек аралығында өтетін Азия ойындарына байланысты тыйым салып отырғанын хабарлайды.

Сауда министрлігінің қызметкері бұл қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жасалынып отыр деген.

15 тамызда Түркіменстан үкіметі әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейтінін мәлімдеген. Азия ойындары аяқталғанша, виза беру шектелген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1627
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1544
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1285
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1246