Сенбі, 27 Сәуір 2024
Бірлік 3450 0 пікір 11 Шілде, 2017 сағат 16:47

"Бірлігіміз жарасқан" форумының берері мол

Қазақстанда қанша түрлі ұлт болса, сонша түрлі адам бар. Елімізде 100-ден астам этностар келісім мен бірлікте тату-тәтті өмір сүреді.

Бір-бірімен тәжірибе алмасу және өңірлердегі ҚХА-лардың тиімді қарым-қатынасы үшін Солтүстік Қазақстан облысындағы «Қоғамдық келісім» КММ 100-ден астам адамды біріктірген «Бірлігіміз жарасқан» форумын ұйымдастырды. Форумға қатысу үшін Республикамыздың әр аймағынан келген «Қоғамдық келісім» КММ әріптестеріміз бен облыстағы белсенді жастар келді. Айыртау ауданы өз бай табиғатымен танымал, бұл жерде хош иісті қарағайлар, таулар, мөлдір көлдер көп. Осы сұлу табиғаттың аясында «Олимпиец» спорт лагері орналасқан. Осында өткізілген үш күн ішінде қатысушылар қызыққа толық бағдарламаларға қатысты.

Бірінші күні қонақтарды орналастырып болған соң, блоктардың,  атап айтқанда, тренингтер мен сұхбаттасу алаңдарының белсенді жұмысы басталды. Өңірлерден келген «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері жұмыстағы тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының өзекті мәселелері туралы әңгімелесті. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесіндегі ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу және әдістемелік қамтамасыз ету қызметінің басшысы Шаймұханбетова Жанна Кәкібайқызының айтуы бойынша, іс-шараның осындай бейресми пішімі жемісті нәтиже және қатысушыларға барынша оң эмоция береді.

Әріптестер алдында облыстық бөлімдер мен құрылымдар басшылары сөз сөйледі. СҚО ҚХА аналар кеңесінің төрайымы  Смаилова Күлімкөз Кеңес қызметі туралы айтып, өз ұйымының жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Ол қатысушылар өз ынтымақтастығын көрсетуге бағытталған  қызық «квест» өткізді. Күлімкөз Қайырбайқызы аналар Кеңесі отбасында сүйіспеншілік пен құрметті тәрбиелеуге бағытталған іс-шараларды өткізу қажеттігін, себебі ұлт рухы осыған байланысты екендігін атап айтты.

Облыстағы дін жағдайы туралы«Талдау және конфессияаралық қарым-қатынасты дамыту орталығы» КММ-нің талдау және әлеуметтік зерттеу бөлімінің басшысы  Могунов Сергей Викторович әңгімелеп берді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылық қызметінің үйлестірушісі болып келеді және елде қайырымдылық мәдениетін тәрбиелеу - біздің тікелей міндетіміз. Осы туралы СҚО ҚХА құрылымдарымен жұмыс істеу және қоғамдық-көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру бөлімінің басшысы Күнсұлу Абылайқызы Илькенова ой бөлісті. Ол меценаттықты танымал етудің негізгі әдістері туралы баяндады.  Оның  айтуына қарағанда, бүгінгі күнде әлеуметтік желілер – қоғаммен жұмыс істеу және адамдарды тартудағы мықты құрал. Әлеуметтік парақша жүргізу, посттарды сауатты жазу, ақпаратты ашық мазмұндамалау мәселені шешу үшін қоғам назарын аударуға көмектеседі. Сондай-ақ, өткен жыл мен қазіргі жылда өткізілген іс- шараларымыздың нәтижесін бейнерөліктерде көрсетті.

Іс-шара соңында  Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы  Есқожа Әсемгүл Найманқызы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара іс-әрекеті тұтастай алғанда ҚХА даму тұжырымдамасын іске асырудың қажетті шарты ретінде» тақырыбында сөз сөйледі. Бұл уақытта, форум аясында, практикалық психолог ҚР жаттықтырушылары ұлттық пулының жаттықтырушысы, магистр  Ғалия Баязитова «Дауларды басқару әрекеті кезіндегі тұлғалық даму. Топта қарым-қатынасты және коммуникативтік дағдыларды дамыту» тренингтерін өткізді.

Ал, Brainstorm маркетологтар мектебінің негізін қалаушысы  Дамир Тілеубаев «Интернет-маркетинг» тақырыбында баяндама жасап, өз уақытыңды қалай дұрыс пайдалану керектігі және қалай табысты болуға болатыны туралы көптеген мысалдар келтірді.

Блоктармен жұмыстар біткен соң қатысушылар «Бірлігіміз жарасқан» форумының ресми ашылуына қатысты. Әр лагерьде болатындай, мұнда да  қатысушылар жасақтарға бөлінді, сондықтан өз президенті мен министрлері болуы керек. Олардың бәрі құлшыныспен және шығармашылық деңгейде  нағыз сайлау науқанын ұйымдастырды. Өз кандидаттарын ұсынып болған соң, олар ең үздігіне дауыс берді. Лагерь президенті болып Айыртау ауданы жастар ресурсы орталығының директоры  Алмас Құспанов сайланды.

Келесі күн таза ауада жаппай жаттығудан басталып, брендтік жүргізуші, шоумен Максим Касперович команда құру тренингтерімен және ойындармен жалғастырды.

Біздің күшіміз - бірлікте, сондықтан форумның басты міндеті – елдің әр жерінен келген адамдарды біріктірі. Қатысушылар жақын танысып, бір командаға айналды. Лагерьдегі достық атмосфера, әндер мен билер, күлкі мен оң эмоциялар қатысушыларды белсенді жұмысқа құлшындырды. Жастар – энергия көзі, мемлекетіміздің қозғаушы күші. Сондықтан да, жас ұрпақтарды отансүйгіш және Отанға сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу өте маңызды. «Бірлігіміз жарасқан» форумы аясында ұйымдастырушылар «Қазақстанның аспанын  бояйық» бояулар фестивалін өткізді.  100-ден астам әртүсті шоқтар көкке ұшып, еліміздегі әр азамат арасындағы достықты білдірді.

Өңірлердегі «Қоғамдық келісім» КММ-ден келген әріптестеріміз Айыртау ауданының көрікті жерлеріне саяхат жасап, Айғаным қонысына, Шоқан Уалихановтың мұражайына, Қарасай және Ағынтай батырлардың мемориалдық кешеніне барды. Кіші бағдарлама шеңберіндегі қызықты саяхат қонақтарымызды қуандырды, себебі бұл еліміздің тарихи ескерткіштері мен халық игілігі ғой.  Оларды жергілікті табиғат та таң қалдырып, қызықтырды.

Қызыққа толы күннің аяғында «Олимпиец» лагерінің басты сахнасында жасақтардың тұсаукесері өткізілді. Төрт команда өз ұрандары мен шығармашылық нөмірлерімен шықты. Қатысушылар ән айтты, өлеңдер оқыды, билер биледі және кішкентай қойылымдар да қойды. Кеш алау қасында мерекелік кешкі аспен аяқталды.

Келесі күні ұйымдастырушылар форумның қортындысын шығарып, қатысушыларға алғыс білдірді және сертификаттармен марапаттады. Осы үш күн ішінде біз жаңа бір нәсрсеге үйретіп қана қойған жоқпыз, өз әлеуетін көрсетуге мүмкіндік беріп, қатысушыларды біріктірдік. Біз олардың әрқайсысына олардың көңіл-күйі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғысымызды білдіреміз!

«Бірлігіміз жарасқан» форумы жоғары деңгейде өткізілгені үшін серіктестіктерімізге ризашылығымызды білдіреміз. Өңірлердегі  «Қоғамдық келісім» КММ мен ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ осындай іс-шараларды дәстүрлі түрде өткізіп, жалғастырады деп үміттенеміз. Себебі, достық, құрмет және өзара түсінісушілік әрқашан және әр жерде: отбасымызда, мектепте, жұмыста, әр қала мен даланың алаңдарында болуы керек. Әр азаматтың жүрегінде  бейбітшілік пен келісім болса, ол елімізде де болады. Және біздің басты күшіміз – бірлікте!

Шараға қатысып келген Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір