Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Білгенге маржан 14246 5 пікір 21 Тамыз, 2017 сағат 07:17

Тәңіршілдік һәм қазақ халқының ұлттық миссиясы

Дүние жаратылғаннан бастап  халықтар мен барлық тіршілік иелерінің өз міндеттері бар. Әр ұлттың жер бетінде  өз "пайы" мен міндеті  бар. Әр халыққа бірақ Тәңірден адамзаттық миссия келе бермеген. Оның өз кармалық заңдылығы бар. Миссия ол Тәңір  рухымен шабыттану.Осы арқылы жаңа міндеттер белгіленіп міндеттеледі.

Әр халықтың Тәңір алдында өз пайы мен міндеті бар. Пай-Қамдаушы- Пірлері (Пайғамбар) соны реттеп отырған. Елші, Расул деген ұғым семит халықтарынан келген ұғым. Түрік халықтарында ол "Пір", яғни пай қамдаушы пір ретінде саналған. Қазақ халқының пайына флорасы бұзылмаған ұлан байтақ жер мен зерттелмеген ұлттық рухани байлығы кіреді.

Эволюциялық ұлт. Қазақ жерінің мәдениетін басқа жақтан келген адамдар жасамаған. Қазіргі Қазақстан жерін адам баласының мекен етуі тас дәуірінен басталады. Яғни, бір миллион жыл бұрын мұнда адамдар өмір сүрген. Содан бастап бүгінге дейін ұлы далада адамдардың – еңбегі, тіршілігі, өмірі үзілмеген.

Нә­ти­жесінде, қазақ халқы ешкімге ұқ­са­майтын жеке-дара, құдай ай­рықша бөлек етіп жаратқан өзін­дік морфофизиологиялық анық­тамалары мен антро­по­ло­гиялық мәртебесі бар этнос еке­ні дәлелденді. Ғылыми  зерттеулердің ар­қа­сында қазақтың биологиялық, ант­ро­пологиялық тарихы жаңадан жа­зылып, ешкімге ұқсамайтын жеке-дара этнос ретінде осыдан 40 ғасыр бұрын пайда болғандығы толық дәлелденді.

Тарихшы-археолог, Орталық Азия зерттеуші тарихшы-ғалымдар  АҚШ-тың Әуе кеңістігі және ғарыштық кеңісті зерттеу ұлттық агенттігінің ғарыштан түсірген суреттеріне сілтеме жасай отырып, «Қазақ жеріндегі өркениеттің тарихы 8 мың жылды құрайды» деп мәлімдеді.

NASA-ның (National Aeronautics and Space Administration) түсірген суреттері, қазақ даласындағы көлемі жағынан ең үлкен, адам қолымен жасалған белгілерді анықтады. Яғни біз білетін накас сызықтары сияқты әдетте жай көзге көрінбейтін, бірақ аспаннан төменге қарай немесе спутник картасынан қарағанда, көне дәуірдегі адамдардан жер шарында қалдырған түсініксіз жұмбақ күйінде қалған белгілер.Сонда, осы бедер-белгілер Атланттардан бұрынғы Көне Му өркениетінің жалғастығы десек  "Қазақ халқының қырық ғасырлық тарихы бар" . 5-7 мың жыл бұрын қазіргі Қа­зақстан жерін мекендеген аталарымыз көне европоид типтес болған. Ол қазіргі орыстар немесе басқа да славян тектестер емес. Генетика ғылымы Орыстың Мәскуеге дейнгі қан құрамы түркілік екен, ешқендай славянға қатысы жоқ екенін дәлелдеген. Орыс түбінде өз тарихын қайта жазады. Жалған тарих көп ұлттарды адастырды. Енді генетика бойынша бәрі қайта жазылады.

Тәңір және қазақ ұлты. Дүни жаратылғанда алғашқы тіл ол түрік тілі болған. Ежелгі Египет пен Шумер мәдениетін солтүстіктен келген адамдар жасаған. Нақты бірақ белгісіз. Олардың тілдері геналогиясында түркизмдер аса бай. Олардың құдайларының аты Египетте - ҚҰР болса, Шумерде - Тең ҚҰР (Дингир), ал түрік халықтарында - ТӘҢІР.  Яғни бәрін тең жаратушы деген мағына. Әлем бойынша ТӘҢІР атауына байланысты жер аттары  дүние жүзіне аса кең  таралған. Ұлы бабамыз Қорқыт ата шынында "ҚҰР ҚҰТ" ата. Яғни Тәңірқұты деген сөз. ХҮІІІ ғасырда құрыған Египеттің көне тілін Чуваштың тілі, ол түрік халықтарына жатпайды деп еуроцентристер қасарысса да Египет тілі түрік тілі болып қала береді. Адамзат мәдениетіне бастау берген Ежелгі Египет пен Шумердегі өздерін күн балаларымыз деп есептеген түріктер ұлы мәдениеттер жасады. Кеиінгі толқын Крит -Микен мәдениетіне ауысқан. Илиада поэмасын жасған Гомердің тегі түрік екені, оның жазған жырлары көне түрік тілінде екені ғылымда анықталған шындық. Кеиінгі көшірме ол Грек тілінде жазылған. Гректер басып алғаннан кейін хатталған.

Эволюциялық өсу. Қазақтар ұлт ретінде ұзақ эволюцияны бастан кешті. Осы дамудағы миының үлкендігімен  тілдік артықшылығын және қос.

Даму бойынша  Қазақтардың  миының көлемі 20 грам басқа ұлттардан үлкен.  Ғ, Ө, Ү, Ң, І, Ә, Ұ деген басқа ұлттар айта алмайтын дыбысталуы артық меңгерген. Бұл эволюцияның жеткен шыңы. Басқа ұлттар қызғанатындай құбылыс. Бұл дыбыстар ұлттық брендтік дыбыстар. Бұл дыбыстарға  ескерткіш қою керек.  Қазақ тілін ЮНЕСКО бойынша қорғау керек.

Ұлттық әліпби. Латын әріпіне көшкенде ұлттық әліпбиге А.Байтұрсынов принципін басшылыққа алу қажет. Қалай естілді солай жазылуы керек. Ғ, Ө, Ү, Ң, І, Ә, Ұ осы әріптерді қос әріппен белгілемей  жеке таңба керек. 28 әріппен емле жазуды реттеу  керек.

Жеті ата салты. Жеті атадан қыз алысып, қыз беріспеу  ол Халықтың гендік қо­рын үнемі таза ұстау принципі. Бұл генетикалық жаңалық Авеста,Ригведа, Інжіл, Құран, Будда, Кришна, Конфуции  мен Ламалар ілімінде  де жоқ. Әлемнің бірде бір діни кітабында жоқ бұл ілім қазақ руханиятының жоғары екенін көрсетеді. Осының арқа­сын­да қазақ айналасында өмір сү­ріп жатқан топтардың бірде-біреуіне қосылмайтын даралығын сақтап келген.

Бүгінгі кірме тай­палардың үлесі қазіргі қазақтың бойында 15 пайызға тән екен.  –  Ал қалған 85 пайызы ше? – Қалған 85 пайыз қола дәу­ірін­де қазақ жерін мекен еткен тай­па­лардың үлесі болып табылады.

Ресей мен Қытай  Ұлттар мен Ұлыстардан тұрады. Ұлыс ол автономия деген сөз. Қазақ жерінде мемлекетті жасаушы бір-ақ ұлт бар,  ол қазақ және  131 диаспора бар. Ешқандай Ұлыс жоқ.

Шежіремен тарих жазылмайды. Ру-жүз дегеніміз – көшпелілердің ша­руа­шылық-тұрмыстық бөлінісі мен жау­ынгерлік-әскери одағы ғана. Адам­ның генетикалық кодының құ­пиясы мен стрескопиялық тарих тұрғысынан  қарағанда түкке тұр­майды. Қазақтың қанында өлкелік немесе ру-жүздік ешқандай айырмашылық жоқ. Нәти­же­сінде, барлық қазақ бір тектен, бір саптан тараған түп атасы бір ха­лық екені дәлелденген.

Андронов мәдениетінің адамдары да, Сақ скиф тайпалары да генетикалық зерттеулер бойынша түркі халықтарының тікелей ата бабалары.

Қазақ халқы ақын халық, құдайға жақын халық. Ең алғаш Гомер мен Гесиод айтысқан айтыс өнерінің мұрагері.Поэзия рухани шабыттанудың жоғары үлгісі.Барлық заманда пайғамбармын дегендер өлең арқылы сөздерін жеткізгісі келген.  Онымен тәңірге арналған жырлар жазылған. Қара қылды қақ жарып әділдіктің сөзін айтатын ақындар нағыз ақын саналған. Айтыс өнері ЮНЕСКО да зерттелуге лайық өнер.Тәуелсіздік алғалы ақындар көбейді. Жағымпаз поэзияға көшкендердің орнынан жас өршіл, өмірден өнерден еншісін алмаған тегеурінді поззия келді. Өте қуанышты жағдай.

Қазақ мәдениеті өзгеше өрен, терең филолсофия, өнегелі дәстүрі бар сырлы дүйім дүние. Қазақ әлемінің тілі мен мәдениетінде дүние жаралғанда адам баласының ақыл парасатының қайнар бастауы сақталған.

Тарихтың қайту теориясы. Түрік тайпалары адамзат өркениетінде белсенді аталық роль атқарған.Тарихты қарап отырсаң тек қазақ даласынан Ұлы көштер жылжыған. Угро финдер Солтүстік Еуропаға, Германдар орталық еуропаға, сакстар англияға, индияға, иранға, шығысқа қарай Алтайдан қытайға, кореяға қарай жылжыған.Ғұндар заманында Аттиланың басшылығымен Еуропаны толық қамтыды. Жылжу Шыңғыс қаған заманында да Қыпшақтар Хунгарияға, Оғыздар Түркияға қоныс аударды. Шыңғыс империясы Еуразияны толық қамтыды.  Барлық ұлы көштер басып алған  жерінде мемлекет жасауды үйретті. Соңғы көш Кеңес заманындағы Комунистік геноцидтен ығысып Қытай, Моңғолия, Түркия, Иран, Ауғанстанға қарай көшті. Бұл соңғы жылжу. Аналық мәдениеттер өсіп өркендеп, халықтар болып көбейіп қазіргі күнде қайта кіндік ошаққа Қазақ жеріне жылжуда.Келгенде жәй келіп жатқан жоқ ұлттық санаға, мәдениетке, дәстүрге қауіп төндіріп тұр.

Ал Қазақ өз жерінің өзінде  оңтүстіктен солтүстікке қарай көшуде. Ресейге Орта Азия мен Қапқаздықтар жылжуда. Тарих қайта орнына қойып жатыр.Еуразия кеңістігі о бастан Тәңір энергетикасымен қоршалған. Басқа ұстанымдар бәрібір дамымайды. Шашырап кетеді.

Рухани байлығы.Шарбақты Арба дөңгелегі 2000 жыл.б,з дейн Орта Азияда жасалып 1600 жыл,б,з дейін Египетке тараған. Әлемді бірінші болып жылқы үйретіп, ауыздық үзеңгі жасап, атқа отыру үшін шалбар тігіп  алға жылжып өркениетті қозғалысқа түсірді.Қыл аспаб ойлап тауып, қыран құстарды қолға үйреткен.Белгі болатын, ру таңба болатын, әріп болатын, біріктіргенде рәміз болатын ғажайып голограммалық рәміз пішінді ойлап тапқан.он екі жылдық күнтізбе жасап, әлемде зерттелмеген семантикалық өнер жасадық.

Өркениет пен мәдениет.

Египет, Шумер, Крит Микен, Еуропа, Қытай, Индия, Араб халықтары мәдениеттерін жасап өркениетке өтіп кетті.Оларда мәдениет жасайтын миссия жоқ. Өркениет ол техногендік жетістік. Онда руханият өлшенбейді.

Тұран өркениеті феномен –феникс. Сақ мәдениеті біртұтас Тұран мәдениетінің соңы шырқау шыңы. Оның жалғасы бөлінуі түркі халықтарының мәдениеті.  Эволюция бойынша өз жерінде классикалық қазақ мәдениетін жасаған халықпыз.Оның жоғары шыңы қазақ ою өрнегі. Әлемдік көркемдік санада қазақ оюына жететін өнер тумаған.

Енді жаңа дәрежедегі Қазақ мәдениеті жасалады. Осы арқылы жаңа Тұрандық мәдениет жасалады. Түркі халықының қара шаңырақ иесі ретінде айтыс өнерін ұстап тұрған қазақ халқы негізін  жасайды. Астана сол жаңа мәдениеттің бас қаласы. Бізбен тек миссияға таласатын татарлар мен оның астанасы Қазан қаласы және Бурят елі. Бурят елі өз тарихын қатты жаңғыртуда. Бірақ оларға миссия берілмеген. Бізден кеиін жаңа мәдениет жасауға Татар мен Сібір түркілерінің мүмкіндігі бар.Одан басқа Миссия берілмеген бірақ экономикалық және саяси потенциалы жоғары елдер Түркия мен Әзірбайжан. Егер олар ойды дұрыс түсінсе жасауы мүмкін.

ТІЛ, ДӘСТҮР және ДІН

Қазақтарда Діннен,  тіл мен дәстүр жоғары тұрады. Тарихта Орта Азияда көптеген христиан, Ислам, Будда, Манихейлік,хрстиан монахтар қаптап жүргені, храмдар салғаны белгілі. Қазақтар олардың сенімдер аяққа таптамай өз Тәңірлік философиясымен өмір сүрген. Тәңірлік философияның басты принцпі " Адам болу". Қандай сенімге кірсеңде адам болу.

Әлемде жері жоқ, мемлекеті жоқ цган деген ұлт бар. Олар қай жерде өмір сүрсе сол жердің дінін ұстайды. Құдайдың бір екенін біледі. Бірақ тілімен дәстүрін жоғалтпайды.Олар үшін тіл мен дәстүр діннен жоғары. Қазақтарда да солай ұстаған.Исламның өзін қазақи ислам етіп жасаған. Қазақ этикасына исламды сіңіріп жіберген. Бұл бүгінде дәстүрлі ислам деп айтып жүргеніміз осы қазақи ислам.

Тарих және дін. Шын тарихтан діндер тарихы жеңіліп қалады. Мысалы Інжіл Египеттің құдайға арналған жырларының көшірмесі. Ол саяси иделогиялық кітапқа айналған. Әлемдік діндердің миссиясы біткен. Діннен мифологияны алып тастап  тарихи ақиқатты қатар қойсаң түк қалмайды. Ол халықтарды бөлумен келеді және апиынға айналып кеткен. ХХІ ғасырда Адамзат құл иеленушілік жаңа құрылысқа көшіп төмен санадағы адамдардың ақыл ойын айналдырып адастыратын құрал ретінде қолданып келеді.

Жаңа өмір сүру философиясы керек. Оны еш құдайдың елшісі емес, ақылдың түп тегін түсінген адамдар өздері жасайды.

Әлем туралы ойлану үшін өз халқынды ойлау керек. Әлем шағын халықтардан құралады. Біз «Жерұйық-Қазақстанды» қорғауымыз керек.

ҚАУІП:

Қазақ трагедиясы сатқындық, құлдық психология, тайпалық психология  мен коррупциядан тұрады. Сатқындықтың күшейген тұсы Ресей Патшалығының бодандығының күшейген тұсында басталған. В.Ленин аитқандай «Өз тілін білмейтін сатқын, Орыстың жағымпазынан да өткен болады» деген. Бұл сатқындар шоқынып, Патшалық орыс казактары болып, комунист болып НКВДмен бірігіп  қазақты аямай қырды Геноцид жасалғанда түбінде осы сатқындық жатыр.

Құлдық психология әлі ел тәуелсіздігін сыйламай келеді. Жаңа атауларды қабылдамайды. Қазақша сөйлеуге зауқы жоқ. Орысшыл идеологияны пір тұтады. Әлдебір қожайын, басиесін  іздеп, ішімізден қоғамды дағдарысқа түсіріп келеді. Қожайын тапқандар қазақ руханиятына, туәлсіздігімізге  шабул жасап отыр.

Тайпалық  психология дендеген қазақтар рулық санадан арылмауда.  Сана сезімнің осындай кемшілігін  жетілдірмеуді орыстар қатты қолданып пайдаланып келеді. Әлі күнге мемлекеттік, ұлттық сана сезімді көтермеудің үлкен дерті болып қалыптасты.Олар сол Ресей Патшасының заманда қалай тайпа болса әлі сол тайпалық санада қалған. Корупционер мен ішкі жаулар(салафизм ағымын ұстанғандар) БАҚ беттерінде үнемі осы тайпалық сана сезім ауруын қоздырып отыруды әдетке айналдырған.Ұлттық біртұтастығымызды ыдыратып мемлекетті құртудың үлкен індеті осы.

Ұры да Отан болмайды. Жемқорлық (коррупция) мемлекеттік дәрежеге көтерілді. Кеңестер Одағын құлатқан коррупция, Қазақстанды да жоқ қылуы, оны бөлшектеп, сауда саттыққа салып жіберуі мүмкін.

Қазір Ұлттық имунитеттте, Мемлекеттік имунитет те жоқ.

Тәңірге сенген Аттиланы құрту үшін Римдіктер небір сұмдықтар ойластырғаны белгілі. Аттиланың сонда айтқаны  «Римдіктер маған не тілесе өздеріне сол келсін» деп қарсы жаза қолданған. Біз жемқорлық пен парақорлыққа  қарсы күш қолданбасақ, жасырын жүріп жатқан саяси соғыстың құрбаны боламыз.

Астыртын  Саяси, Экологиялық пен Биологиялық соғыс елімізді құртуы мүмкін. Қазақ қазақты ғана төрге шығару керек. Басқаларға деген Қонақжайлық ол даңғойлық. Ежелгі Түркі заманында шет елдік елшілерді оттан өткізіп аластап барып қабылдаған.

Жаңа Мәдениет. Жаңа ғасыр Алтай тауының маңайында тұрған мемлекеттерде өркендеу болады.Ол барлық эзотерикалық ілімдерде жазылған.

1960 жылдардан бастап қазақ өнерінің Алтын ғасыры басталды. Тәулсіздік алғалы поэзия мен көркемөнер алға шықты. Бүгінгі айтыс пен жазба поэзия ұлттық деңгейден жоғары әлемдік деңгейдегі жетістігіміз. Әлі көтерілмеген

екінші топты  проза, музыка, дизайн басты. Соңғы үшінші топты сәулет, кино, драматургияға орын тиді. Қазақ Сәулет өнері төмен дәрежеде қалып қалды. Ол алға шығу керек. Қазіргі мәдениетімізді оның ішінде әлемдік деңгейде бағалауға болатын поэзия мен көркемөнерді талқылауымыз керек. Қазақ мәдениеті өз теориясын негіздеген соң Қазақ халқы арқылы Жаңа Тұран мәдениетіне бірігеміз. Түркология Ежелгі Египет, Шумер, Крит Микен мәдениеті мен Көне Му өркениетін зерттеуге бет бұру керек.

Қазақтың ой санасы қазір тебіреніс үстінде. Жаңғыру заманында Қазақ ой санасы жаратушы алдындағы миссиямызды терең сезініп, Тәңір рухымен нұрлануы тиіс.

Жанарбек Берістен, профессор, философия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Суретшілер одағының жауапты хатшысы

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар