Жұма, 17 Мамыр 2024
Билік 4064 5 пікір 17 Тамыз, 2017 сағат 10:42

Ұлттық деңгейдегі 100 нысанды белгілеу және тізімдеу жобасы бекітілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығының Ғылыми-сараптамалық кеңесінің отырысы өтті.  Отырыста жалпы ұлттық деңгейдегі 100 нысанды белгілеу және тізімдеу жобасы бекітілді, - деп хабаралайды Мәдениет және спорт министрілгінің баспасөз қызметі.

Біз бүгін Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөнінде және еліміздің киелі жерлерінің географиясы аясында құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының атқарылған жұмыстары, қолға алынған шаруалары мен жалпы жоспарына тоқталып, туындаған өзекті мәселелердің ортақ шешімін табу үшін бас қосып отырмыз.

«Қазақстанның киелі жерлерінің жалпыұлттық деңгейдегі нысандарды»  белгілеу мақсатындағы ғылыми-сараптамалық кеңесі отырысында, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын әзірлеу барысында қолға алынған істер талқыланды. Қалаларда және облыс әкімдіктері өкімдерімен жұмыс топтары құрылып, оның құрамына белгілі тарихшы ғалымдар, өлкетанушылар енгені айтылды.

Осыған байланысты іріктеліп алынатын нысандар макросакралды және микросакралды болып екіге бөлінді. Қасиетті нысандар мынадай критерийлерге сүйене бөлініп отыр: табиғи-ландшафты нысандар; археологиялық және сәулет ескерткіштері; ғибадат орындары саналатын діни нысандар және тарихи тұлғалармен, саяси оқиғалармен байланысты орындар.

Ғылыми-сараптамалық кеңес құрамына белгілі тарихшылар, қоғам қайраткерлері, қолөнер шеберлері кіреді. Олардың қатарында Б. Әбдіғалиұлы, Х. Әбженов, Н. Әлімбай Р. Тұрсынзада сынды тағы да басқа елге есімдері белгілі тұлғалар бар.

Abai.kz

 

 

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2103
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2202
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624