Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Әдебиет 6540 2 пікір 7 Тамыз, 2017 сағат 10:23

Жұмаш Көкбөрі. Қазағымды қорғашы...

Түсі суық, сұр ма екен?

Тумысынан сұм ба екен?

Қалың жылан ысылдап,

Шағайын деп тұр ма екен?..

 

Жоқ ұлтыма қайыр да,

Ұры – ұрлап баю да.

Бұл Қазаққа қанша жыл,

Күш көрсеткен аю да.

 

Екеуінің сұрқын-ай,

Бұзылмасын шырқым-ай!

Арасында екі оттың,

Арпалысқан ұлтым-ай!

 

Тағдыр бізді сынады-ау,

Деме Ұлтымды сынады-ау...

Аю, жылан алдында

Қалш-қалш еткін кім анау?..

 

Оңған емес оңбайтын,

Тоңған емес тоңбайтын.

Бірақ, біздің Қазақтың

Тәңірі бар қорғайтын!

 

Намыссыздар, сорлашы!

Оңбағандар, оңбашы!

О, Тәңірім, сен, мәңгі,

Қазағымды қорғашы!?.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1516
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1362
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1112
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1145