Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Сүйінші! 5751 1 пікір 3 Тамыз, 2017 сағат 18:29

Abai.kz сайтының сынынан кейін Оралдағы жыртық ту жаңасымен ауыстырылды

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу жастарды патриотизмге тәрбиелеудегі басты бағыттардың бірі.

Ал, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Заңның орындалуын қадағалау жергілікті атқарушы органнның ( ішкі саясат басқармасының) төл міндеті.  Аталмыш заңның 13 бабына сай, Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Республика аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.

Орал қаласындағы Темір жол вокзалдың алдында орналасқан 10 дана Мемлекеттік Тудың бəрінің түсі өзгеріп, ескіргенін жəне бір көк Байрағымыздың жыртылып, салбырап тұрғанын көптен көріп жүрдім. Туымыздың қорланып тұрғанына патриоттық сезімім жібермей,  Заңдағы өз міндетімді толық сезіне отырып, қолыма қалам алып, 2 тамыз күні "Abai.kz" ақпараттық порталына мақала жазған болатынмын. Міне, бүгін арнайы  темір жол вокзалына барып, Туларды қарасам 10 дана Туымызды түгел жаңасымен ауыстырып қойған.

Ақын Алмас Ахметбекұлы:

"Көктудың желбірегені -

Жаныма қуат береді.

Таласқа түссе жан мен ту жан емес, маған керегі-

Көктудың желбірегені" деп жырлағандай, вокзалдың алдындағы көк Байрақтарымыздың желмен жарыса желбіреп тұрғанын көріп қатты қуандым жəне жаныма қуат берді. Осы кемшілікті жоюға тез арада атсалысқан Аbai.kz порталы ұжымына алғысымды білдіріп, шығармашылық табыс тілеймін. Сайтқа  мақалам шықпаса, Туымыз жыртылып, салбырап тұра берер ме еді...

Талғат Қатауов

Орал қаласы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2166
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2569
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2444
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1669