Сенбі, 11 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2703 0 пікір 4 Маусым, 2009 сағат 07:01

Серік Жұмабаев. Ата-анасын асыраудан бас тартқандарға айыппұл төлету керек пе?

Қарттар үйі – кеңес заманының сарқыншағы, содан қалған белгі деп қарағанымызбен, қазіргі кезде онда орыс ұлтынан емес, қазақ қарияларымыз көбейіп отыр. Біз бұған Алматы қаласындағы ардагерлер үйіне барғанда көз жеткіздік. Онда 321 қарт тұрса, соның 112-сі – қазақтар. Бұл жақсы ма, жаман ба – оны таразыға салар біз емес. Алайда осы ғимараттың табалдырығын аттасымен көзі жәудіреген, келген кісіге үмітпен қарайтын қарияларды көргенде көңілің алай-дүлей болады. Мұнда баласы да, асыраушысы да жоқ қарттар мен ұл-қызы бар қариялар да жетерлік.
Бір барғанда жанымызға қатты батқаны, интернат үйінің тұрғындары бір ақсақалынан айырылып, ақтық сапарға шығарып салып жатыр екен. Мұндағы 16 ұлт өкілінен тұратын тұрғындар өздері зейнетақыларынан ақша жинап, интернат басшылығымен бірігіп дастарқан жайып, құран оқытып жатты. Тек өзекті өртер өкініш, ақсақалды мәңгілік мекеніне аттандырарда ағайын-тума, бала-шағасы қасында болмады. Өз балаларынан бір уыс топырақтың бұйырмауы өкініш емей, немене?!

Қарттар үйі – кеңес заманының сарқыншағы, содан қалған белгі деп қарағанымызбен, қазіргі кезде онда орыс ұлтынан емес, қазақ қарияларымыз көбейіп отыр. Біз бұған Алматы қаласындағы ардагерлер үйіне барғанда көз жеткіздік. Онда 321 қарт тұрса, соның 112-сі – қазақтар. Бұл жақсы ма, жаман ба – оны таразыға салар біз емес. Алайда осы ғимараттың табалдырығын аттасымен көзі жәудіреген, келген кісіге үмітпен қарайтын қарияларды көргенде көңілің алай-дүлей болады. Мұнда баласы да, асыраушысы да жоқ қарттар мен ұл-қызы бар қариялар да жетерлік.
Бір барғанда жанымызға қатты батқаны, интернат үйінің тұрғындары бір ақсақалынан айырылып, ақтық сапарға шығарып салып жатыр екен. Мұндағы 16 ұлт өкілінен тұратын тұрғындар өздері зейнетақыларынан ақша жинап, интернат басшылығымен бірігіп дастарқан жайып, құран оқытып жатты. Тек өзекті өртер өкініш, ақсақалды мәңгілік мекеніне аттандырарда ағайын-тума, бала-шағасы қасында болмады. Өз балаларынан бір уыс топырақтың бұйырмауы өкініш емей, немене?!
Қарттардың қай-қайсысымен сөйлессеңіз де: «Бұл жерде үйдегіден жақсы, үйде көре алмаған тұрмыстың жайлылығын көріп отырмыз», – дейді. Расында да, кірі жуулы, тамағы пісулі, дәрігері қасында, өзінің әлі жетпесе, арқасының кірін езіп, суға да түсіреді… Бірақ тағдырдың жазуы желқайықтай айдап, осы жерге әкелген бұл адамдардың «мұнда үйдегіден жақсы» деген сөздеріне сене алмайсың. Себебі оларға қанша көмектескеніңізбен, бәрібір бауыр еті баласының орнын ешкім баса алмасы анық.
Әсіресе, 76 жастағы қарияның: «Кей қарттардың «е, Құдай, мені алсаң, әйелімнен бұрын ал» дейтіні тегін емес екен ғой. Себебі әйел деген – үйдің ұйытқысы, отбасына ерекше қарайтын солар екен ғой. Қанша балаң, қызың езіліп тұрғанымен, үй болып алған соң, қара шалға қарауға құлықсыз болады екен. Екі жыл ауырып, ауруханада жаттым. Екі қыз, бір ұлым бар. Дегенмен ауыра берген соң олар да жалықты ма, әйтеуір осында әкелді. Әйтпесе, шешесінен кішкентайынан қалған балаларымды балалар үйіне тапсырмай, өзім өсірдім. Қайтадан әйел алсам қарғаларымды қағып, түрткілер деп үйленген де жоқпын. Арақ дегенді аузыма да алып көрген емеспін. Сөйткен балаларым мені осы жерге тапсырып отыр ғой», – деп байқамай жүрек түкпірінде жасырған сырын сыртқа шығарып алды.
Мұнда келгендердің көпшілігі келінімен сыйыса алмай, баласының босбелбеулігін айтса, екіншілері – әйелі қайтыс болып, одан қала берді, «іштен шыққан жыландардың» өз қолдары ауыздарына жетіп алған соң, әке-шешені керек қылмай, далаға тастағанын айтады.
– Жалғыз балам ғой деп ұлымды үйлендірдім, өзім қартайған соң, үй-жайды соның атына жазып, немерелеріммен шүйіркелесіп отыратынмын. Оны да артық көрді ме, іштен шыққан балам ақыры осында әкелді, – дейді Ұлбала атты кейуана апамыз.
Әрине, қарттар үйінде жанды ауыртар, бір-біріне ұқсамайтын сан алуан тағдыр бар. «Мамамды бағам деп тұрмысқа шыға алмадым, ең болмаса, мені бағатын балам да жоқ» дейді сексендегі кәрі қыз. Баласынан қайыр көрмей, осы үйді паналап отырған замандастарын көріп отырса да, солай дейді. Өзіңіз көргендей, бірі – үйінен өзі қашса, бірін үйінен кетуге мәжбүр еткен. Мұнда, өкінішке қарай, бұрын ішіп, балаларына зәбір көрсеткендер де, түрмеден шыққандар да бар. Бірақ солардың арасында жүректері шынымен жаралы, жандары нәзік, жанарлары жастан боталап тұратын қасіретті кемпір-шалдар да жетерлік. Қарттар үйі әйтеуір өмірдің қарама-қайшылығына толы…
Қалай дегенмен де ақ шашты әз аналарымыз бен данагөй қарияларымызды «тастанды» етіп тастау бүгінде жиі ұшырасатын болды. Осындайда ойлайды екенсің, біз баласынан безгендерге арнайы алимент төлетеміз де, ал ата-анасын өзектен тепкендерге неге осындай жаза қолданбасқа? Мәселен, көрші Түрікменстанда әке-шешесін қарттар үйіне өткізгендерге арнайы айыппұл салынады. Демек, ұл-қыздарының айлық табысынан белгілі бір пайызын алып отыратын арнайы заң бар. Мүмкін бізге де осындай керек шығар… Бұған төмендегі ағаларымыз не дейді екен?
Серік ТӨЛЕГЕНҰЛЫ, Алматы қалалық ардагерлер үйі директорының орынбасары:
– Мұнда неше түрлі тағдыр бар. Онсыз да бала-шағасынан қайыр көрмей, іштей мүжіліп жүрген қарияларымыздың көңілдеріне қаяу түсірмеуге тырысамыз. Уақтылы тамағын беріп, емдейміз. Зейнетақыларын да айма-ай алып тұрады. Дегенмен қарттарымыз әр айдың 22-23-інде, зейнетақыларын аларда, олардың балалары да осы жерден табылады. Анда-санда аздап алмаларын алып келіп, зейнетақыларын алып кетеді. Мұны көргенде іштей қынжылып, не айтарыңды білмей де қаласың. Тіпті шешелеріне «Джиппен» келіп-кететін ауқатты балалар да баршылық.
Қарттар туралы заң әлі шыққан жоқ. Ол Парламентте талқыланғанымен, заңды күшіне енген жоқ. Алайда сол заңда әке-шешесін асыраудан бас тартқандарға айыппұл төлететін арнайы бап болатын. Осыны қайта көтеруіміз керек шығар.
Серік ӘБДІРАХМАНОВ, «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары:
– Өз ата-анасын асыраудан бас тартып, қарттар үйіне өткізетіндер көп. Бұл да – бізге дендеп еніп келе жатқан үлкен дерт. Оны тез арада шешпесек, ертең өкініш болады. Сондықтан әке-шешесін өзекке тепкендерді арнайы айыппұл төлету арқылы реттеп отырғанымыз дұрыс шығар. Егер ата-ананың парызын өтеу дегендерді ересек бала білмейтін болса, ондайды ойлауға ұғымы, сана-сезімі жетпесе, әке-шеше еңбегін еш етсе, неге заң арқылы төлетпеске? Сондықтан ата-анасын асыруға құлық танытпағандарды осылайша мемлекет заң арқылы міндеттеуі керек.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1935
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2124
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1760
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1532