Сенбі, 27 Сәуір 2024
Әкімнің ісі 5908 6 пікір 2 Тамыз, 2017 сағат 12:17

Жыртық туды ауыстыру үшін Елбасы Оралға келуі керек пе?

БҚО  ішкі саясат басқармасының басшысы
Б.Нарымбетовтің назарына!

Орал қаласындағы Темір жол вокзалы арқылы алыс-жақын шет елдер мен өңірлерден келетін  қонақтар қаламыздың өркениетімен, жергілікті жұрттың мəдениетімен танысатыны белгілі..
Айтайық.  Оралдағы вокзалдың кіреберісіндегі маңдайшасында ілулі тұрған Мемлекеттік Тудың жұлым-жұлымы шығып, жыртылып тұрғанына біраз уақыт өтті. Облыс əкімдігі мен ішкі саясат басқармасы қызметкерлері күні бүгінге дейін еш шара қолданған жоқ. Жыртылған ту жаңартылған жоқ.

"Театр мәдениеті киім ілгіштен басталса", қаланың мəдениеті вокзалдан басталады.  Əшейінде "жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру керек" деп ұран салатын ішкі саясат басқармасы қазақтың көк байрағын неге елемей отыр.

Əлде бұл кемшілікті айту үшін де Елбасы Оралға келу керек пе?.. Бұл келеңсіздікті жою үшін де əлеуметтік жоба арқылы қыруар ақша бөлу керек пе?!.

Талғат Қатауов

Орал қаласы. 
02.08.2017

Abai.kz

6 пікір