Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
3915 1 пікір 2 Тамыз, 2017 сағат 10:18

Тиллерсон апта соңында Лавровпен кездеседі

АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның хабарлауынша, 5-6 тамызда Манилада ол Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездеседі.

Бұл туралы Тиллерсон 1 тамызда хабарлады. Ол Вашингтонның Ресеймен қарым-қатынасы "күрделене түскенін" айтты. Дей тұрғанмен, Вашингтон Сирияда бейбіт келіссөздерге жағдай жасау үшін Ресеймен және басқаларымен жұмыс істеп отыр.

Тиллерсонның айтуынша, Вашингтон Сирия президенті Башар әл-Асадтың болашағы бұлыңдыр деп есептейді. Бұған қоса, Ақ үй Сириядағы бүлікшілерге қарсы Асад әскеріне көмектесіп жұрген Иран жауынгерлері еліне қайтуы керек деп отыр.

Abai.kz

1 пікір