Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
4159 0 пікір 2 Тамыз, 2017 сағат 10:11

Душанбе Түркіменстан-Қытай газ құбырын тартатын қытайлықтарға квотаны көбейтті

Тәжікстан үкіметі Қытай азаматтарына қосымша 1690 квота бөлді, басқа да шетел азаматтарының квотасы 16-ға көбейді. Жыл сайын республика Қытайға 4 мыңнан астам квота беріп отыр.

Қытай азаматтары Тәжікстанда су асты туннельдерін салу, жол төсеу, құрылыс жұмысының сапасын бағалау және жоспарлаумен айналысады.

Ел президенті Эмомали Рахмон және оның қытайлық әріптесі Си Цзиньпин 2014 жылы Түркіменстаннан Қытайға газ құбырын тарту жұмыстарын бастап берді. Құрылыс жылға созылатыны айтылған, бірақ жоба әлі жүзеге асырылған жоқ.

Тәжікстан энергетика және су ресурстары министрі Усмонали Усмонзоданың айтуынша, газ құбырының құрылысы биыл басталады.

Газ құбырының 400 шақырымдайы Тәжікстан аумағы арқылы өтеді. Ол 2020 жылға дейін бітуі тиіс. Газ тасымалынан Тәжікстан 32 жылда 248 млн доллар пайда табады. Одан соң инфрақұрылымның жарымы республика мүлкіне өтеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1595
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1497
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1247
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1217