Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
46 - сөз 6371 14 пікір 2 Тамыз, 2017 сағат 09:59

Немересіндей қыздарға қырындайтындар педофиль ме?

Қазіргінің шалдары құтырған-ау шамасы. "Жастар бұзылып бара жатыр, жастар андай-мұндай" деп жастарды кінәлап жатады. Б.э.б заманда "жастар бұзылып барады" деген. Сол кездің жастары бүгінде ата болды...

Жұмыста бір шал бар. Жасы 64-те хатшысы 27 жаста. Екеуі бір-біріне "ғашық". Сол шал үнемі жиналыс сайын "мен бабник емеспін" деп айтады да жатады. Көкек өз атын өзі шақырады демекші одан ешкім ол туралы сұраған емес. Өзінен-өзі қуыстанып, ақталып жүргені.

Әлгі шал "қазір жастар бұзылған" деп өзінше етегіне намаз оқып жүр. Ал кемпірі өте жақсы адам. Кемпіріне ескерткіш орнату керек дейміз. Ал шалы жас қызбен басы шырмалып жүр. Бірақ өзі жас қызбен жұмыс уақытында ұялмай, беттері ашылып, кездесіп, бір-бірінсіз өмір сүре алмай жүр. Жас қыз ба, әлде шал ма, қайсысы бұзылған сонда?

Жастарға ақыл айтатын уақытында жас қыздарды айналшақтап, мешітке барсам күнәм жуылып кетеді деп ойлайтындар зинақор ма, әлде педофиль ме? Немересіндей жас қыздармен жүретіндер педфильден несі кем?! Неге адам азғындалып бара жатыр? Жап-жас қыздар әлгі шалдың несіне қызықты екен деп ойлаймын?

Неге адмдардың санасы ақша мен төсектен аса алмай қалды? Етектен төмен жақты ойлайтындарды, әсіресе егде тартқандарды санасы төмен, көздері соқыр наданға теңеймін.

Қарлығаш Нұрбай

Facebook-тегі парақшасынан

14 пікір