Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
46 - сөз 5488 2 пікір 2 Тамыз, 2017 сағат 09:34

Маман байдың штрафбаттағы ұрпағы

Халида Маманова Сталинге жазған хатында: «Егер Халық жауы болсам, ендеше мені штрафротаға жіберіңіз. Тірі қалсам – менен және туыстарымнан барлық айыптарды алып тастауыңызды сұраймын», – деп жазған екен...

Маман бай туралы айтып жатудың өзі артық. Революциядан соң Маман байдың тұқымынан шыққан он бес адам ату жазасына кесіледі, отыз алты отбасы жер ауады. Халиданың әкесі Есенқұл 58-ші статьямен, 1928 жылы мал-мүлкі тәркіленіп, өздері Чкалов қаласына айдалады. Есенқұл қара жұмысқа тұрады, әйелі фабрикаға тігінші болып орналасады. Алты баланың үлкені Халида ол кезде он жаста екен. Айдауда жүріп Есенқұл құрт ауруынан көз жұмады, екі кішкене баласы шетінейді. Қалған отбасы 1932 жылы Алматыға көшіп келеді.

Әуелі қысқамерзімді курстарда, мединституттың даярлық курсында оқыған Халида 1937 жылы осы оқу орнының бірінші курсына түседі. Алайда «байдың қызы» деп қудаланып, оқудан шығарылады. Халида Есенқұлқызы бәрібір тырмысып жүріп, оқуын қайта жалғауға мүмкіндік алады.
Халиданың анасы болса әркез кешке жақын «аяқ асты айдауға алып кетсе» деп қос шабаданға салынған киімдерінің бір бұрышына кешегі нанды алып, жаңа нанмен алмастырып отырып, күн кешіп жатады. 1958 жылға дейін сол қауіппен жүріпті.

1941 жылы Мединститутты бітіргенде соғыс басталады. Мединститут түлектеріне бірден лейтенант дәрежесі берілсе де, Халидаға «байдың тұқымы» болғаны үшін ол атақ берілмейді. Тіпті, медбике болып жұмыс істеуіне де рұқсат етпей, қолына күрек беріп, өлілерді жерлеу жұмысына жегеді. Сол уақытта Халида Сталинге хат жазып, штрафбатқа ауысады. Сөйтіп Халида Маманова Берлинге дейін тірі жетеді. 1943 жылы медқызметтің аға лейтананты атағы беріліп, 1945 жылдан кейін үйіне капитан дәрежесінде оралады.

Одан әрі Қазақ медициналық институтына қызметке тұрады. Алайда, ғылыми жұмысын қорғауға рұқсат бермейді. Тек Мәскеуге барып медицина ғылымының кандидаты дәрежесін қорғап келіпті. 1959 жылы Ақтөбеде мединститут ашылып, оған ректор болып барған байырғы курстасы кафедра меңгерушілігіне шақырады. Осы жерде жиырма жылдай қызмет етеді, докторлығын қорғайды.

Ақтөбеде жүргенде студент жастар арасында халық аспаптар ансамбілін құруға мұрындық болғаны үшін, обком партияда ұлтшылдықпен айыпталады.

Мексика мен Орталық Америкаға шақырту келгенде КСРО Сыртқы істер министрлігі рұқсат бермей, есесіне социалистік Болгарияға шығуына рұқсат берген. Ақтөбе дәрігерлерінің делегациясының құрамында Болгарияға аттанған Халиданың бірнеше күн демалыстан соң суға кеткен денесі табылған. Субмедэксперттер оның кешқұрым суға кеткенін айтады. Ал туыстары, таныстары оның дәл сол мезгілде суға түскенді ұнатпайтынын тілге тиек етеді. Марқұмның денесінен көгерген үлкен дақ байқалған. Оны дәрігерлер суға кеткенде бірдеңеге ұрып алуы мүмкін деп болжам жасаған. Бәлкім, әлдекім ұрған да болар? Марқұмның денесін тек екі апта өткен соң ғана туыстарына берген...

Халида Маманова тек 1993 жылдың 14 сәуірінде ақталған.

Бүгін жұмысқа Igsatova Dina апай келген. Сол кісімен ұзақ әңгімелестік. Халида апамыздың жатқан жері жайлы, иманы жолдас болсын.

Қарагөз Смәділ

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1569
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1460
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1207
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1191