Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
3524 0 пікір 24 Шілде, 2017 сағат 09:48

Қырғызстанмен электр қуатын жеткізу жөніндегі келіссөз нәтижелі болмады

Қазақстан мен Қырғызстан арасында электр қуатын жеткізу жөніндегі келіссөз нәтижелі болмады. Бірақ Қырғызстан Өзбекстанмен жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Енді 16 маусымнан бастап қырғыз электр қуатын Өзбекстанға тасымалдайтын болады. Бұл жөнінде Қырғызстанның “Электр станциясы” компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Компания биылғы жылы Тоқтағұл су қоймасында су көлемі көп болады деп болжайды. “Электр станциясы” тарапынан Қазақстан және Өзбекстанмен келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде өзбек тарабы қырғыз энергиясын сатып алуға келісті.

2017 жылдың екінші тоқсанында Тоқтағұл су қоймасында су көлемі 8 млрд кубометр болып, арнасынан 62 пайызға артқан. Қалыпты жағдай 4,98 млрд кубометр болуы тиіс.

Ұлттық энергия холдингтің мәліметі бойынша, электр қуатын экспорттау жөнінде келісім ақпан айынан бері жүріп жатыр. Егер су арнасынан қайта асып түскен жағдайда, суды бөгеннен ағызады делінген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1613
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1511
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1258
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1228