Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
4092 0 пікір 24 Шілде, 2017 сағат 09:47

Тәжікстан төтенше жағдай кезінде фото және видеоға түсіруге тыйым салмақ

Тәжікстанның ішкі істер министрлігі төтенше жағдай немесе табиғи апат кезінде фото және видеоға түсірген азаматтарды жазаламақшы. Бұл жөнінде ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода 21 шілдеде мәлімдеді.

Ол жақында ғана Душанбеде «Корвон» базарында болған өртті еске салды.

«Оқиға орнында адамдар өрт сөндірушілерге кедергі жасап, өртті жаппай камераға түсіріп жатты», – дейді министр.

Рахимзода осылайша төтенше жағдайда не табиғат апаты кезінде кедергі келтіретін адамдарды жауапқа тарту үшін заң жобаға өзгерістер енгізгенді жөн санап отырмыз деді.

Министрдің сөздерінше, базар күзетшілерінің жауапсыздығы салдарынан 160 сауда нүктесі өртеніп кеткен. Куляб және Хатлон облысының өрт сөндіру қызметінің басшылары қызметінен алынған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1568
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1457
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1204
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1189