Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
3733 0 пікір 20 Шілде, 2017 сағат 08:19

Қырғызстанның кейбір банктері биометрикалық төлқұжатты қабылдамай жатыр

Қырғызстанның бірқатар банктері азаматтардың биометрикалық төлқұжатын қабылдамай жатыр. Олар құжаттың чипындағы мәліметтерді оқитын арнайы құрылғының жоқтығын айтқан. Бұл жөнінде мемлекеттік тіркеу қызметінің (МТҚ) төрағасы Дастан Догоев мәлімдеді.

Оның сөздерінше, МТҚ 13 банкпен келісім-шартқа отырған.

Биылғы жылдың 1 мамырынан бастап, Қырғызстанда биометрикалық төлқұжатты беру басталды.

Жылдың соңына дейін биометрикалық төлқұжатты алу тегін. Бүгінгі күні 102 мың қырғызстандық жаңа төлқұжат алып үлгерген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар