Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Деп жатыр 7208 6 пікір 13 Шілде, 2017 сағат 10:32

Петропавлда жүздеген православ крест шеруін өткізді

Петропавлдағы православ әулиелері Петр және Павелді еске алуға арналған "Крест шеруі". Петропавл, 12 шілде 2017 жыл. Cурет Азаттық радиосының сайтынан алынды.

Петропавл қаласында христиан әулиелері Петр мен Павелді еске алу күніне орай "Крест шеруі" өтті, - деп хабарлайды Azattyq.org басылымы. Шеруге қатысушы православтар әулилердің соборынан бастап қала көшелерін жүріп өтті. Жыл сайын өтетін крест шеруіне казактар да қатысты. Олар Петр мен Павелдің православтар үшін ұлы әулие екендерін айтады.

- Олар христиан әулиелері. Біз оларды құрметтейміз, еске аламыз.
Петр мен Павел православтар үшін өте қадірлі, - дейді Сібір казактары бауырластығы қоғамдық бірлестігінің атаманы Виктор Таранов.

Православтар Николай Погодин атындағы орыс драма театрының алдына жиналды. Тарихи деректерге сәйкес, өткен ғасырда бұл жерде шіркеу болған. "Крест шеруіне" қатысушылар жылдағы дәстүрмен көшелерді жүріп өтіп, қаланы сумен аластап шықты.

Христиан әулиелері Петр мен Павел күніне арналған меркелік шара әулиелер ғибадатханасының алдында аяқталды. "Крест шеруіне" барлығы екі мың адам қатысты, оның 70-і - казактар.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1471
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1331
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1081
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1126