Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Міне, әңгіме! 5252 2 пікір 10 Шілде, 2017 сағат 08:13

Екі шетелдік кәсіпкер қазақ суреттерінің көрмесін ашты

Алматыда Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік мұражайда «Қазақ рухы» деп аталатын суретшті Тимур Дайырбаевтың көрмесі ашылды. Оған екі шетелдік кәсіпкер тапсырыс берген екен.

Көрмеде «Қазақ рухының» көшін Томирис ханшайым бастап тұр. Басқа картиналардан Алтын Орда кезеңін көруге болады. Сонымен бірге қазақтың ұлы хандары - Қасым, Керей, Жәнібек және Абылай ханның портреттері бар. Тұсау кесер, дала тойы секілді қазақтың ұлттық салт-дәстүрі де көрініс тапқан.

«Мәңгі көршілер» деп аталатын соңғы картиналар сериясында Орталық Азия елдері мен Қытай және Ресей мемлекеттерінің ынтымақтастығын көрсетеді. Онда ортада Абылайхан уәзірлерімен, сол жағында Қытай елшісі, оң жағында орыс генералы бейнеленген.

Көрмені ұйымдастыруға себеп болған британдық бизнесмен әрі коллекционер Гэйвин Кретчмар мен Альпер Акдениз. Екеуі де Қазақстанда шетелдік компанияларда он жылдан бері жұмыс істеп келеді.

«Қазақ рухы» көрмесіндегі суреттер жартылай Альпер Акденизге тиесілі болса, жартысы Гэйвин Крэтчмардың кішкентай ұлының атында екен.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1293
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1170
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 909
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1034