Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 6001 0 пікір 10 Шілде, 2017 сағат 08:00

Тәжік моделі Пьер Карденнің мерей тойына бармады

Танымал тәжік моделі Парвина Саидова (Пари) ұлы франсуз модельері Пьер Карденнің 95 жасқа толуына орай Парижде өтетін салтанатты кешке барудан бас тартты.

«Менің жақында тойым болады. Мен әрдайым мансаптан гөрі отбасына басымдық беремін», - дейді ол. Тұрмысқа шыққаннан кейін де сән әлемінде мансабын жалғастыратыны әзірге белгісіз.

Парвина Саидова 7 шілдеде Парижге бару керек болған. Бірақ оның орнына тойға дайындалуды жөн санапты.

Былтыр наурыз айында Парвина Саидова World Beauty Astana 2016 сән және сұлулық байқауында «Missis International-2016» номинациясын жеңіп алған. Ол Пьер Карденнен Парижге шақырту алған. Ол сол кезде ұлы модельердің мерей тойына қатысу үлкен құрмет екенін айтқан еді.

Парвина Саидова

Парвина Саидова

 

27 жастағы Парвина Саидова бес баланың анасы. Қарапайым ғана ана, екі жыл бұрын жесір қалған. Бірақ оның сұлулығын тәжік дизайнері Хуршед Сатторов байқап, сән әлеміне әкеледі. Ол оны Одессада өткен сән апталығына моделдердің тізіміне қосады. Сол кезде көп балалы ананы 60 қатысушының ішінен ең әдемі модель ретінде танылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1471
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1331
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1081
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1126