Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2006 0 пікір 7 Қараша, 2010 сағат 06:36

Қостанай облысында жақын келешектегі басым бағыт – дақылдарды егуді әртараптандыру деп есептейді

Қостанай. 6 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанның негізгі астық алқаптарының бірі болып табылатын Қостанай облысының әкімі өсімдік тұқымдарын егуді әртараптандыру қажет деп есептейді.

«Өсімдік тұқымдарын егуді әртараптандыру біз үшін жақын келешекке басым бағыт болып қала бермекші», - деді Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин жұма күнгі аграрийлердің кеңесінде.

Облыста әртараптандыру бағдарламасы аясында биыл майлы дақылдар егістігінің ауданы үш есеге артты, деді әкім. Бірақ, деді ол, «өкінішке қарай, өңдеу кәсіпорындарын толық қуатымен жүктеуге қажет көлемдегі өнім жинай алмадық».

Оның пікірінше, «майлы дақылдардың бәрінің өнімділігіне қолайсыз ауа райы әсер етті». «Бірақ тек сонымен ғана түсіндіргеніміз дұрыс болмас еді», - деп есептейді әкім.

«Мен, жекелеген аудандар мен шаруашылықтар бұл жауапты мәселеге тиісті дайындықсыз келді, зоналық ерекшеліктерді ескермеді, дақыл түрлерін таңдауда, оны бұрынғы егістік орнына себіде қателіктер жіберді дер едім. Мұның барлығы түптеп келгенде өнімділіктің төмендеуіне әкеп соқты, ал жекелеген жерлерде сақтандыру оқиғаларын тудырды. Мен жетекшілер мен мамандар бұдан дұрыс қорытынды жасап, келешекте осы бағаттағы ең үздік жетістіктерді алады деп үміттенем», - деді облыс басшысы.

Оның үстіне, деді ол, «облыста оң мысалдар жеткілікті». «Майлы дақылдарды өсіруге деген жеткілікті жауапкершілікпен келген өңірлерде тіпті басқа нәтиже болғанын біз көрнекті көріп отырмыз. Біз дақылдарды өсіруді әртараптандырмасақ, нарық пен бәсеке қатаң жағдайда өндіріс тиімділігін арттыра алмайтындығымызды анық түсінуіміз керек», - деп әкім атап көрсетті.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2145
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2355
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1658