Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Билік 5026 0 пікір 4 Шілде, 2017 сағат 13:31

Талдықорғанда «Ашық мемлекет» жәрмеңкесі өтеді

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет еліміздің кез келген азаматына сапалы берілуі керек. Осы туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыс бойынша өкілі баспасөз конференциясын өткізді.

Алматы облысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсететін 24 аумақтық бөлімшелер жұмыс істейді. Бүгінгі күні көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 723, ал облыс бойынша 423. Ағымдағы жылы 29 мемлекеттік мекемелерде «Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру» тақырыбында семинар өткені айтылды.

«Елбасының соңғы жолдауында  мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырылуға және электрондық форматқа көшіру керектігі туралы айтылған. Яғни осы бастамамен бізде қазір дәстүрге айналып бара жатқан «Ашық мемлекет» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өткізіледі. Оған кез-келген адам қатысып, өз сұрағына жауап алып кетеді. Былтырғы жылы ең өзекті деген баспана, жер, жұмыссыздық мәселелері алға тартылды», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Бабашев Жансерік.

«Ашық мемлекет» жәрмеңкесі 2017 жылдың 6 шілдесінде «Жастар» паркінде өтеді.

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Оралбекова А.Т

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2006
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2429
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1993
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1581