Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2289 0 пікір 5 Қараша, 2010 сағат 07:26

БҰҰ Nazarbayev University-ге зерттеу жобаларына жас ғалымдарды тартуда көмек көрсетеді

Астана. 5 қараша. ҚазТАГ – БҰҰ Nazarbayev University-ге ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға келешегі бар жас ғалымдарды тартуда және ағарту, білім, мәдениет, заңгерлік, экономикалық және әлеуметтік салаларда ынтымақтастық орнатуда көмек көрсетеді. Осыған байланысты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою жоспарланған, деп хабарлайды жұма күні ЖОО-ның баспасөз қызметі.

 «БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі білім және ғылыми-зерттеу қызметіндегі ұлттық әлеуетті арттыруға мүдделі. Біз Nazarbayev University оқу орнына келешегі бар жас ғалымдарды ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға тартуда көмек көрсетуге дайынбыз», - деп мәлім етті БҰҰ-ның ҚР-дағы резидент-үйлестірушісінің міндеттерін атқарушы Ханаа Сингер. Оның сөздері хабарламада келтірілген.

Сондай-ақ, БҰҰ университеттің студенттері мен профессорлар-оқытушы құрамының алдында бүгінгі күннің маңызды мәселелері және БҰҰ-ның Қазақстандағы қызметі бойынша ұйым агенттіктерінің өкілдері мен сарапшыларының дәрістері мен кездесулерін ұйымдастыруды қолдау көрсетпек.

Меморандумға сәйкес, бірлескен қызмет гуманитарлық, әлеуметтік, экономикалық ғылымдар саласында ғылыми-зерттеу жобаларын дамытуға бағытталады. Денсаулық сақтау және адами капиталды дамыту мәселелеріне де көп назар аударылады.

Құжатқа 5 қарашада Х. Сингер мен «Nazarbayev University» АҚ президенті Аслан Сарінжіпов қол қояды деп жоспарланған. 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2002
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2428
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1988
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1580