Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2487 0 пікір 4 Қараша, 2010 сағат 13:35

Қасқабас Қазақ. Орыстың «воры» Қазақстан азаматтығын қалай алды?

Ресей мафиясы әлемдік деңгейге шығып, көптеген елдердің экономикалық және әлеуметтік ахуалына тікелей ықпал етіп жатқаны белгілі. Орыстың «вор в закондері» ТМД елдерінің бәріне тереңдеп еніп, өзінің қылмыстық-экономикалық мүдделерін жүзеге асырып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан бұрыннан қалыптасқан криминалдық «тәуелділігінен» шыға алмай келеді.
Орыс басылымдарын мұқият қадағалап жүргендер кеше Мәскеу қаласында орыс ворларының королі «Дед Хасанның» (Аслан Усоян) оң қолы болып саналатын «Тюрик» (Владимир Тюрин) атты ұрының Испанияның құқық қорғау органдарының талабы бойынша тұтқындалғаны жайында естіген болар. Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің арнайы тобы Тюрикті «Купол» ресторанында сайрандап жүрген жерінде құрықтаған. Алдағы уақытта Ресейдің соты оны Испания прокуратурасының қолына беру не бермеу жөніндегі мәселені шешетін болады.
«Тюрикке» орыс мафиясының тапсырмасымен Испания мен Европаның басқа елдерінде ірі қылмыстық жүйе құрып, заңсыз табылған қаражатты рәсімдеуге тырысқан деген айып тағылып отыр. Осыдан бірер жыл бұрын испан полициясы «Тюриктің» қарамағында жүрген отыздан астам адамды тұтқындайды. Бірақ, ол жолы 52-жастағы «Тюрик» өзіне құрылған тордан сытылып шығыпты.

2009 жылы «Тюрикті» Моңғолияның полициясы ұстап, Испанияға беру туралы шешім қабылдайды. Оны алып кету үшін Моңғолияға әдейі ұшып келген испан прокурорлары В.Тюриннен тағы да айрылып қалып, елдеріне құр қол қайтады. Сөйтсе, әйгілі ағайынды Чернойлардың, «Япончик», Быков, Квантаришвили сияқты қылмыс әлемінің серкелерінің әріптесі, Ресейдің бірнеше аймақтарында бизнесі бар, энергетика мен алюминий өндірісінде біраз активтердің қожайыны болып табылатын «Тюрик» моңғол полицейлеріне 500 мың доллар пара беріп, өзінің орнына туған ағасын отырғызып, өзі алдымен Қазақстанға, артынан Ресейге тайып тұрған.
Біз үшін бар қызық осы жерден басталады. Ресейдің құқық қорғау органдары Испаниядан келген ордерді зерттей келіп, оны тұтқындау туралы шешім қабылдайды. Алайда, оны тұтқындау үшін «Ресей азаматтығын заңсыз алған» деген формалды айып тағады. Осыған дейін «Тюрик» өзін Қазақстанның азаматымын деп таныстырып, әлемді еліміздің көк байрақты төлқұжатымен кезіп жүріпті!
Осы орайда негізінен Сібір жақта «бизнес» жасаған орыстың «воры» Владимир Тюрин Қазақстан азаматтығын қалай,  қашан алып үлгерген деген сұрақ  туады. Егер ол шынымен де Қазақстан азаматы болса, азаматтығын сақтай отырып, Ресейдің төлқұжатын қалай алып үлгерді? Бұл жағдай қос азаматтықты мойындамайтын Қазақстанның Конституциясы мен заңдарын бұзу болып табылмай ма? Қазақстанның ішкі істер органдары ел азаматтығының аты әйгілі қылмыскерге берілгенін неге аңғармады? Бұның астарында пара мен қызметтік қылмыс жатқан жоқ па?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1428
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1268
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1029
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1082